Показать содержимое по тегу: Ұлт
Астана күніне орай Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «АСЫЛ МҰРА» атты ұлттық музыка кеші – тыңдарман жүрегінде ұзақ сақталатын тағылымды, тағдырлы өнер оқиғасына айналды. Бұл кеш – ел рухын көтеріп, ұлттық болмысты ұлықтаған, өнер мен тарихтың үнін біріктірген сәт болды.
Қазіргі алмағайып заманда елдің бірлігі, тұтасығы басты орында. El.kz тілшісі осы бағытта мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровпен сұхбаттасқан еді.
2019 жылдың 6-9 желтоқсанында Ресей Федерациясындағы қазақтың байырғы өлкесі Омбы қаласында Ресей президентінің қоры грантын жеңіп алған «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымы қазақстандық және ресейлік қазақ жастарының басын қосып, «АЛҒА» форумын өткізді. Белсенді қазақ жастары ой-пікірлерін ортаға салып, біраз мәселелер талқыланды.
Казактардың Алтын Ордадан шыққандығы Ресейдің аса қатаң сақталған (әлі де солай) құпияларының бірі болды. Ақиқатты түсініп, өздерінің түріктерден тарағанын еске түсірмеу үшін ресей филологтары «хетман» (орысша – гетман) сөзін немістің «хауптман» (капитан), мичман сөзін ағылшынның «мидшифман» сөзінен шығарады. «Булаву» сөзі күлкілі болса да «булла» (лат. «була» - көпіршік, кішкентай шар) – ватикандықтардың кішкентай шар-мөрлерімен бекітілетін грамоталарымен ұқсастырып қойған. Ал «атаман», «кошман», «курень атаманы», «есаул» және түрік, моңғол сөздерінен шыққан басқа да атауларды айналып өтеді.