Сот прокуратураны естімейді - Жақып Асанов
13.07.2018, 12:13

Сот прокуратураны естімейді - Жақып Асанов

Жоғарғы сотта сот төрелігін жүзеге асырудың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды. Судьялардың кеңейтілген жиыны барысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бірқатар мәселерді айтқан болатын. Сот саласындағы кемшіліктердің негізгі себебін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов тізбектеп берді.

Ол Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың баяндамасынан соң: «Біз прокуратураның айтқанына құлақ аспаймыз. Сот жүйесі прокуратураны естімейді. Мен Бас прокуратураны айтып тұрмын. Бас прокуратура бұл ІТ-бағдарламаны әзірлегеніне екі жыл болды. Өткен жылы-ақ мұны назарға алу керек еді. 550 наразылықты Жоғарғы сотпен қанағаттандырды. Мұндай ешқашан болған емес. Бұл соңғы 8-9 жылда болған көрсектікше тең. Бұл сонда көңіл аударарлық дабыл емес пе? Жоғарғы сотқа дайын бағдарламаны «сыйға тартып» отыр. Ал біз естімейміз. Неге? Себебі, менмендік бар. Себебі, біз барлығынан жақсы білеміз, бізді үйретудің қажеті жоқ деп санаймыз. Дәл осы менмендік мемлекеттік мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отыр. Бұл кеудемсоқтықты жоймайынша, жұмыста ешқандай ілгерілеушілік болмайды. Өткен жылы 550, осы жылы 200 наразылық қанағаттандырылды. Ең жақсы жылдардың өзінде мұндай көрсеткіш 40-тан аспайтын. Мәселе санында емес. Мәселе әр наразылықтың артында адамдар, олардың мүдделері тұрғанында. Себебі, біз ол адамдардың айтқанын естімейміз, содан соң олар прокуратураға барады, ал ол жақтан біз наразылық аламыз» деді.  Марат Ахметжанов Бас прокуратура судьялар мен мемлекеттік айыптаушылардың жұмысына көмекші болатын арнайы жүйе әзірлегенін айтқан болатын. Жаңа жүйе судьялардың үкім шығарудағы қателіктерін тізбектеп отыр.

«Айқын» газеті

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер