Показать содержимое по тегу: нақыл сөз
Ақиқат – адам санасында тура жолды бейнелейтін таным. Адам баласы табиғи болмысында ақиқатты аңсайды, армандайды, шындықтың шыңы деп іздейді, бірақ оны таба алмайды. Өйткені, ол өмірде біреу ғана, ол да болса тұңғиық тереңде жатады. «Ақиқаттың бөлінбейтіні сияқты, бір түптен шыққан гүл де екі түрлі болмайды» (Бедил). Дүниеде екі ақиқат жоқ, адам баласынының ақиқатқа жету жолында көп қателікке баруы да содан. Мұндай жағдайда өзара іштей де, сырттай да қақтығыстар болуы табиғи құбылыс. Ол жолда елім деп еңіреген талай қайраткер мұрттай ұшты.
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді
Бiлге қаған (көнетүркіше Arslan Bilge qaγan; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.