Жер қатынастары

Показать содержимое по тегу: Жер қатынастары

Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы жер қоры 11725,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде өңірдегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер  6 680,2 мың гектар көлемінде. Сондай-ақ, егістік жер - 939,6  мың гектар, жайылымдық жер - 5626,4 мың гектарды аумақты алып жатыр. 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер 2016 жылмен салыстырғанда 30 мың гектарға артқан. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жер қатынастары басқармасының басшысы  Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.

Опубликовано в Шешімгер

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Опубликовано в Шешімгер

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер