«Ағылшынша тіл сындыру» жобасының кезекті қатысушыларына тіл курсын тәмамдағандары туралы сертификаттар берілді
20.08.2019, 21:37

«Ағылшынша тіл сындыру» жобасының кезекті қатысушыларына тіл курсын тәмамдағандары туралы сертификаттар берілді

Бүгін UNITED CITIZENS FUND Қоғамдық қорының «Ағылшынша тіл сындыру» жобасының кезекті қатысушыларына тіл курсын тәмамдағандары туралы сертификаттар беріліп, арнайы сыйлықтар таратылды.

 

Алматы қаласы М.Дулатов атындағы 136 мектеп-гимназиясының оқушыларының бір шоғыры ағылшын тілі курсын тәмамдады. Оқыту маусым айында басталған еді. Аталған топқа UNITED CITIZENS FUND Қоғамдық қорының ағылшын тілі маманы Ардақ Серік сабақ берді.

"Біз көпбалалы отбасылар балаларын оқытуды әлеуметтік көмек ретінде жүргізіп отырмыз. Қандай да бір көздерден ешқандай да қаражат тартылмады. Қордың өзіндік бастамасы арқылы жүзеге асуда. Балалар заманынан қалмауға тиіс", - деп атап өтті ол.

 

Шарадан фотолар:

 

Айта кетейік, қазіргі таңда Қор негізінен ағартушылық-тәлімдік бағыттарда жұмыс жүргізуде. Ол жұмыстың басым бөлігі "Empire Education" білім беру орталығы арқылы жүзеге асырылуда. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер