Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымына берілмек
04.05.2018, 13:07

Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымына берілмек

«Назарбаев зияткерлік мектептерін» коммуналдық меншіктен дербес білім беру ұйымына беру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР үкіметінің қаулысы жобасында жазылған, деп хабарлайды elorda.info.

«Астана қаласының коммуналдық меншігінде Астананың активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының теңгерімінде Түркістан көшесі, 2/1 мекен-жайында орналасқан 1200 орындық мектеп бар. Ғимараттың жалпы алаңы 13 729 шаршы метр. Қазіргі уақытта жасалған шаттық қатынастарға сәйкес аталған мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» басқаруында. ҚР білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінен» келіп түскен өтініштерге байланысты Астана қаласының әкімшілігімен қабылданған шешіміне сәйкес, үкімет қаулысын әзірлеп отырмыз», - деді қоғамдық кеңесінің отырысында Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев.

Оның айтуынша, үкіметтің регламенті бойынша аталған мектепті Назарбаев зияткерлік мектебінің теңгеріміне беру үшін қаулының әрі қарай жүзеге асыру үшін қоғамдық кеңестің келісімі қажет. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.  Айта кетейік, коммуналдық меншіктен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының меншігіне берілетін мүліктің тізбесінде 3,5443 гектар жер учаскесімен Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Түркістан көшесі, 2/1 орналасқан жалпы ауданы 13 729, 1 шаршы метр 1200 орындық мектеп ғимараты, оның ішінде оның жұмыс істеуіне арналған жабдық, техника, жиһаз т.б бар.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер