Алыс жол үстінде боранға тап болсаңыз... Осылай жасаңыз!
12.01.2018, 13:04

Алыс жол үстінде боранға тап болсаңыз... Осылай жасаңыз!

Silteme.kz АА алыс жол үстінде боран мен бұрқасынға тап болған жағдайда не істеу керектігі жөнінде нұсқаунама ұсынады.
Егер боран сіз жолда келе жатқанда басталса: қардың өзінен баспана жасап алыңыз. Бұл үшін: ағаштардың иіліп тұрған бұтақтарының астындағы табиғи қуыстарды пайдаланыңыз немесе күртік қардан шағын үңгір қазып алыңыз; үңгіріңіздің төбесінен әр адамға бір бірден желдеткіш тесік жасаңыз, егер қар жаууын тоқтатпаса оны әлсін-әлсін тазалап отырыңыз; үңгірде өз аяғыңыздың астын тереңдетіп қойыңыз: циркуляция кезінде онда суық ауа кетеді. ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса шырақ жағып қойыңыз, бұл үңгірдегі ауаны жылытады.   Қардан жасалған баспананы  паналаған кезде:   баспанаңыздың орналасқан жерін белгілеп қойыңыз; бір-бірлеріңізге денелеріңізді тигізіп, жақын отырыңыздар; барлық түймелеріңізді, жылжыма жапқыштарыңызды жауып, жең мен балақтағы манжеттерді тартып, капюшоныңызды киіп алыңыз; су болған киімдеріңізді сығыңыз; ыстық шай немесе кофе ішіңіз; аяқтарыңызды, басыңызды барынша жылы ұстаңыз; қант және құрамында майы бар азық-түліктерді жеңіз; астыңызға жылу оқшаулағыш төсеніш төсеп отырыңыз; қолыңызды сілтеп және басқадай қимылдар жасап, бұлшық еттеріңізді жылытыңыз.   Қардан жасалған баспанада түнеген кезде мыналарды істеуге болмайды: алкогольді ішімдіктер ішуге; ашық отты қараусыз қалдыруға; бәлендей қажеттігі болмаса түнде баспанаңызды қайтадан салуға немесе оны тастап шгығуға.     Егер боран сізді жолда автомобильде  тап басса: машинаның жалюздерін бекітіп, автомобильдің двигателін радиатор жағынан жауып тастаңыз; мүмкіндігінше автомобильдің двигателін жел жаққа қаратып қойыңыз; қардың астында көміліп қалмау үшін әлсін-әлсін автомобильдің маңындағы қарды тазалап тұрыңыз; кабинаға машинаның шығарып жатқан газдарының кіруіне жол бермеңіз, түтін шығаратын құбырды қар бітеп тастамауын қадағалаңыз.   Егер жолда автомобиліңіз өшіп қалса... байбалам салмаңыз, жағдайды бағалаңыз, бағдарды, тұрған орныңызды, ең жақын елді мекенге дейінгі арақашықтықты, тәуліктің мезгілін шамалаңыз. © emer.gov.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер