Аяз ата тегін мұз айдындарында тәттілер таратады
27.12.2017, 17:04

Аяз ата тегін мұз айдындарында тәттілер таратады

29 желтоқсан күні Алматыдағы барлық тегін мұз айдындарында қайырымдылық шарасы өтеді. 

Мерекелік бағдарлама аясында Аяз ата, ақшақар және аниматорлар балаларды құттықтап, тәтті тарататын болады. Одан бөлек, барлық мұз айдындарында Қазақстан кондитерлік ассоциациясының логотипі орналасқан және «Тақпақ айтып, бір дорба кәмпит ұтып ал» деген ұран жазылған баннерлар тұрады.

Шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының алдында сағат 11:00-де басталады.

Ұйымдастырушы – Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Шара мақсаты – балаларды келе жатқан Жаңа жылымен құттықтап, спортқа деген қызығушылықты арттыру. Артынша Қазақстан кондитерлік ассоциациясы сыйлықтарды, кондитерлік тауарларды қаладағы балалар үйлеріне таратып береді.

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның бірінен бастап осындай 8 тегін мұз айдындары Жібек жолы – Абылай хан көшесінде, Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының алдында, “Март” сауда орталығы маныңда, Спартак стадионында, Дубок ықшам ауданында, VILLA Boutiques & Restaurants алдында, Алатау және Наурызбай аудандарында ашылған болатын.

Дереккөз: baribar.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер