Жаңа жылда балаларды қандай тәттілерден шектеу қажет
25.12.2017, 10:05

Жаңа жылда балаларды қандай тәттілерден шектеу қажет

Жаңа жылдың қараңында дәрігерлер ата-аналарға балалардың тәттілерді тұтынуын бақылаудың маңызды екенін тағы бір ескертуді жөн көріп отыр. Демалыс кезінде кәмпиттерді көп тұтыну баланың денсаулығына зиян келтіріп, панкреатитке (ұйқы безінің қабынуына) әкеп соғуы мүмкін, дейді диетолог-дәрігер Алексей Ковальков. Бұл туралы sabaqtar.kz порталына сілтемемен silteme.kz хабарлады.

Алексей Ковальковтің айтуынша, баланың ағзасы сағатына ең көбі 10 грамм қантты ешқандай зиянсыз қорыта алады. Бұл ретте, сарапшы атап өткендей, бір шоколодты кәмпиттің құрамында шамамен 8 грамм қант бар. Сонымен бірге, кондитерлік өнімдер мен шоколадтың құрамында өндіріс деңгейіне қарай маргарин және басқа да майлар, дәмді химиялық күшейткіштер, бояғыштар секілді қажетсіз және зиянды қоспалар болуы мүмкін екенін ескерген жөн.
 
«Баланың ұйқы безі қанттың шамадан тыс мол шөлшерін бір рет қорытуы мүмкін. Алайда, бала мектептен берілген сыйлықтың ішіндегі кәмпитті тауысқанша тоқтамайды, оған үйдегі кәмпиттерді қосыңыз. Осылайша, баланың бойында реактивті панкреатиттің дамуы мүмкін», — деп мәлімдеді диетолог Алексей Ковальков.
 
Сондықтан, баланың денсаулығына қауіп төндірмес үшін Жаңа жылда тәттілерді көп жеуіне шектеу қажет. Оның орнына құрғатылған жемістерді және қантсыз табиғи тәттілерді (зефир, сапалы пастила, мармелад, жаңғақтар) ұсынған жөн.
 
Тәттілерді сатып алу кезінде өнімнің этикеткасында көрсетілген құрамы мен сақтау мерзіміне назар аудару аса маңызды. Сапалы өнімдер қылқылды емес, табиғи түсте болады, ингредиенттер құрамы қысқа әрі түсінікті және сақтау мерзімі аз болады. Ал, жемістерге келетін болсақ, балаларға күніне бір-екі мандарин ғана жеуге болады, деп ескертті дәрігер.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер