«Жергілікті халық та бұл бастаманы қызу қуаттап отыр», – деп хабарлайды арнаның меншікті тілшісі Ержан Жүніс.
Осыған байланысты Анкара мен Диярбақыр қалаларының тұрғындары бейбіт шеруге шығып, АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы саясатына нарызылық білдірді. Олар үш діннің қасиетті орыны саналатын тарихи шаһарды ешкім меншіктеп алып, иелік етуіне құқығы жоқ дейді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:
– Қазіргі таңда Иерусалим басқыншылардың қолында. Сол себепті біз дәл қазір елшілігімізді аша алмай отырмыз. Алайда біздің Бас Консулдығымыз елшілік өкілінде қызмет етіп жүр. Негізі іс жүзінде бар. Енді ресми түрде ең жақын уақытта өз елшілігімізді ашамыз.