Солтүстiк Қазақстанда омарташылар кооперативi құрылды
05.12.2017, 18:15

Солтүстiк Қазақстанда омарташылар кооперативi құрылды

Бұл жөнiнде СҚО омарташылары Ассоциациясының төрағасы Олег Гаврилов облыстық әкiмдiктiң отырысында мәлiмдедi. Олег Гавриловтың айтуынша, кооператив Мамлют ауданында құрылды. 400 гектар жерге бал беретiн шөптер егiлмек, деп хабарлайды silteme.kz.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов ара шаруашылығы тиiмдi бизнес екенiн тiлге тиек еттi. Өнiмдi сатып алуға Қытай да қызығушылық танытып отыр. Қазiр облыста балдың бiр келiсi 1500 теңге тұрса, Қытайда оның бағасы 8 мың теңгеге дейiн барады. Өңiр басшысы орынбасары Асқар Сақыпкереевке омарташылар Ассоциациясымен бiрiге отыра, ара шаруашылығын дамыту жұмыстарын жүйелi жүргiзуге тапсырма бердi. "Бұл iске оңтүстiктен көшiп келген отбасыларды да тарту қажет".

«Дәл осындай кооперативтер барлық аудандарда да ашылуы тиiс», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Жуық арада Мағжан Жұмабаев ауданында кооператив құрылмақ.

Петропавлда 21-шi мектептiң жанынан омарташылыққа үйрететiн арнайы мектеп ашылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер