Показать содержимое по тегу: сауал
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлт тіліне де баса көңіл бөлгені белгілі. Жалпы мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласына кеңінен қолданысқа енгізу мәселесі күн тәртібінен бір сәт түскен емес. Бұл ретте тіл білу деңгейін бағалау жүйесінің де атқарар рөлі ерекше. Төменде Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы, педагогика ғылымының кандидаты Мәншүк Мұқаметқалимен болған сұхбат оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Биыл еліміз алтыншы жыл қатарынан тұңғыш "Президент күнін" мерекелейді. Бізден басқа елдерде "Президент күні" мейрамы бар ма? Әріптестеріміздің бірі Today.kz бұл сұрақтың жауабына үңіліп көрген екен.
Ыстық күндері адамдарды улы жәндіктердің шағу оқиғалары жиілейді. Соның ішінде ең қауіптісі – жылан мен қарақұрт.
Жуырда «Қостанай – Астана» тас жолы арқылы Астраханка ауылынан Елордаға келе жатқанбыз. Астана қаласына кіре берісте жүргізуші бір жерге аялдады, деп жазыпты М.Ұлықбек есімді кісі "Замана" газетіндегі мақаласында.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту біздің еліміздің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Кейінгі бірнеше жыл ішінде Қазақстанның ақпараттық дамуында бірқатар өзгерістер болды, деп жазады ozgeshe.kz.