Показать содержимое по тегу: жастықтың зияны
Адам өмірінің үштен бірі ұйқымен өтетіні белгілі. Көңіл-күй көтеріңкі, денсаулық мықты болуы да түнгі ұйқы қанық болуына байланысты. Ал ұйқы тыныш болуына төсек жабдықтарының, әсіресе, жастықтың қосар үлесі мол. Алайда біріміз жұмсақ жастықты жақсы көретін болсақ, біріміз тіпті мұндай жастықта ұйықтай алмаймыз. Назарларыңызға жастықтың ұйқыдағы рөлі жайында ақпарат ұсынамыз.
Жұмсақ жастық ұйқыдан бұрын, денсаулыққа зиянын тигізеді. Себебі жұмсақ жастыққа жатқан кезде құлақ толық жабылып қалады да, бастың жоғары бөлігі қисайып жатады. Ал қатты жастықта мойын мен бас ыңғайлы болып жатады. Сонымен қатар құлақ ашық болғандықтан, адамның есту қабілетін жақсартады. Ұзынша болып тігілген кәдімгі қарапайым жастықтар да дұрыс ұйықтауға көмектеседі. Мұндай жастықтарға жатқанда иықты жастық үстіне қоймай, басты тек желкеден бастап қояды. Ал жастықтың желке тұратын жағын аздап қайырып қояды, сонда ғана дұрыс жатып, денсаулыққа зиян тигізбеуге болады.
Ұйықтағанда адамның жату қалпы да денсаулыққа зор әсер етеді. Мәселен, ересек адамдарға етпетінен жатуға болмайды. Себебі мұндай жатыста басты оңға немесе солға қарай бірден бұрса, омыртқадағы қан айналым бұзылады. Соның салдарынан 45 жастан асқан адамдарда инсульт пайда болады. Ал жастықсыз немесе жастықтың өзінде де дұрыс жатпау салдарынан ми дұрыс дем алмай, қан айналу процесі бұзылып, мойын ауырады. Кейін бұл мойын остеохондрозына айналуы мүмкін.
Дереккөз: elana.kz