Кооперативтер құру талаптары еліміздің барлық аймағында түсіндірілуі керек
18.10.2016, 17:53

Кооперативтер құру талаптары еліміздің барлық аймағында түсіндірілуі керек

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарын жүктеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндады, деп хабарлайды silteme.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар ағымдағы жылдың 28 маусымында Үкімет отырысында таныстырылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері және Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі арасында жыл соңына дейін бұл шараларды жүзеге асырудың нақты міндеттері мен индикаторларын аңықтайтын үш жақты жоспарға қол қойылды», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда аталған шараларды жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды және өңірлерде түсіндірме жүргізуге құжаттар топтамасы даярланды.

«28 шілдеден бастап 30 тамызға дейін барлық облыстарда және кейбір аудандарда аудан әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен жиналыстар өткізілді. Осы жиналыстарда тиісті шараларды жүзеге асыру механизмдері, соның ішінде, кооперативтерді құру және қаржыландыру талаптарына толық түсіндірмелер берілді. Өз кезегінде, әкімдік тарапынан ауылдық әкімдерді қамту арқылы барлық аудандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек», - деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

«Сондай-ақ,оләкімдіктердің тілектері бойыншақазан айынан бастап ауыл округтерінің әкімдерін және аудан әкімдерінің орынбасарларына оқыту семинарлары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда семинарлар Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарында өткізіліп үлгерді. Барлығы ЖАО 966 қызметкері оқытылды.

«Республика бойынша 15 қарашаға дейін 2 400 ауыл округтерінің әкімдерін және аудан әкімдерінің орынбасарларын оқыту аяқталатын болады. Әкімдіктердің жоспарларына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылатын болады. Олар 100 сүт қабылдау пункттін және 2 мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңын біріктіреді», - деп түйіндеді Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, 2016 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 42 сүт қабылдау пунктті және 3,2 мың отбасылық бордақылау алаңы құрылды. Мұның нәтижесінде 15 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер