А.Күрішбаев Ольгинка ауылында анықталған аса қауіпті Cібір жарасына байланысты пікір білдірді
20.08.2019, 20:53

А.Күрішбаев Ольгинка ауылында анықталған аса қауіпті Cібір жарасына байланысты пікір білдірді

Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында анықталған аса қауіпті Cібір жарасына байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы елімізге белгілі Аграрлық университеттің басшысы Ақылбек Күрішбаев өз пікірін білдірді.

Ол «Ольгинка ауылында шыққан ауру, мал дәрігерінің кәсіби біліксіздігі салдарынан туындаған» деп отыр.

Ақылбек Күрішбаев: «Медицина адамды, ал мал дәрігері адамзатты емдейді». Турасын айтқанда, мал дәрігерінің кәсіби біліктілігіне біздің азаматтарымыздың өмірі тікелей тәуелді екендігі осы жолы тағы бір мәрте белгілі болды.

Осыған байланысты еліміздің ЖОО-да мал дәрігері мамандары қаншалықты сапалы даярлануда? Бұл өте маңызды сауал. Мемлекет бұл салаға қандай жағдай жасап отыр? Өйткені ветеринария дегеніміз медицинадан да күрделі екені даусыз.

Мысалы; бір ғана мал дәрігерін оқыту үшін мемлекеттік білім беру гранты үшін қазынадан не бары 349 мың теңгеге бөлінеді. Ал медицина дәрігерін даярлап шығу үшін қазынадан миллионға жуық сома жұмсалып отыр. Айырмашалағы жер мен көктей.

Енді, агроном немесе инженер маманын оқыту үшін үкімет 635 мың теңге немесе 1,8 есе көбірек қаражат жұмсауда. Жылдар бойы біз құзырлы министрліктерге мұндай жағдайда маман даярлау мүмкін емес екендігін айтумен келеміз... Мүмкін осындай төтенше жағдайдан кейін Үкімет мал дәрігері төңірегіндегі мәселелерді кадрдан бастап шешу керектігін түсінген боларі», -  дейді ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер