1. Сіз жалғыз емессіз. Ия, баланы әксіз тәрбиелеп жатқан сіз ғана емес. Ондай аналар жеткілікті. Әрине, балаңыздың қасында асыр салып ойнап жүрген әкесі бар достарының қарап, балаңызды аяп, көңіліңіз түсуі де мүмкін. Сондай кездерде сіздің балаңыз әкенің тәрбиесін көрмей өсіп келе жатқан жалғыз бала болып көрінеді де. Бірақ, бұл олай емес. Сіз жалғыз емессіз.
2. Әкесіз өскен ұлы тұлғалар мен танымал адамдар аз ба? Шарлиз Терон, Деми Мур, Киану Ривз, Нельсон Мандела, және т.б. Өмірдің ең биік белестерін бағыныдыра алған осында балаларды тәрбилеген анадан сіздің қай жеріңіз кем? Сіз де балаңызды болашақ қолбасшы қыла аласыз.
3. Әкенің орнын өзіңіз баспаңыз. Жалғыз басты аналарыдың ең жиі жіберетін қателерінің бірі – балаға әке де болу, шеше де болу. Бұлай істеудің қажеті жоқ. Біріншіден, бұл баланың отбасылық моделінің бұзылуына алып келеді. Бала әйел адамды нәзік жан емес, ер мінезді еркек сияқты болу керек деп есептейді. Екіншіден, балаға әке де, шеше де болу өте көп еңбекті талап етеді. Бұндай ауыртпашылықты сіз ұзақ уақыт бойы бәібір арқалап жүре алмайсыз. Соңында әке былай тұрсын, дені дұрыс ана бола алмай қаласыз. Балаға жақсы ана болыңыз. Сол ең абзалы.
4. Бақытсыз әке-шешеден бақытты әке мен ана артық. Кей жағдайларда бір отбасы мүшелері бір-бірін бақытты қыла алмайды. Өзі бақытсыз адам ешкімге бақыт силай алмайды. Тіпті, өз баласына да. Бұл туралы психолог мамандардың айтып жүргеніне ұзақ уақыт болды. Бір-бірін жек көретін ата-анасы бар отбасында бала дұрыс тәрбие алмайды. Бөлек тұратын бақытты әке-шеше, бірге тұратын бақытсыз адамдардан артық. Тек сол кезде бала өмірде бақытты болудың ең маңызды екенін түсініп, ертең бақытты болуға талпынады.
5. Балаға әкесін жамандамаңыз. Бала үшін әкесі — өмірлік авторитет. Және солай болғаны ды дұрыс. Әкесін жамандау сол авторитетті төмендету. Бұл қыздар үшін де, ұл балалар үшін де жаман. Себебі, қыздар үшін әке — өміріндегі бірінші ер адам. Әкесінің мақтау сөздерін естіген қыз өзін-өзі сыйлайтын, өзіне-өзі сенетін, өмірілік жарын дұрыс таңдай алатын әйел болып өседі. Ұлдар өмір иерархиясында өз орын таба алатын ер адам болады. Сол себептен бұл авторитетті жамандамаңыз. Алайда, өтірік мақтаудың да қажеті жоқ.
6. Ұл баланы оған үлгі болатын ер адамдыармен қоршаңыз. Ол баланың атасы, ағасы, нағашылары, т.б. болу мүмкін. Ең бастысы, ол балаға ер адамның тәрбиесін бере алатын болуы керек. Ондай адам табылмаған жағдайда, баланы спортқа беріп, сол жердегі жаттықтырушымен сөйлесіп, жағдайды түсіндіруге болады.
7. Көмектен бас тартпаңыз. Бала тәрбиелеу оңай емес. Баланы жалғыз тәрбиелеу – екі есе ауыр. Сол себептен тума-туысқандардың, жақын адамдардың көмегінен бас тартпаңыз. Керек кезде көмек сұрап үйреніңіз. Алайда, адамдар сізге міндетті емес екенін ұмытпаңыз.
8. Балаңыздың шамадан тыс еркелептеңіз. Баламның әкес жоқ деп қалағанын орындап, сұрағанын алып беріп, шектен тыс ерекелетіп кету де үлкен қате. Ондай бала анасына алғыс айтудың орнына эгоцентрист болып өсуі әбден мүмкін.
9. Балаға әкенің жоқтығын дұрыс түсіндіріңіз. Әкесі қайтыс болса, адамдардың барлығы мәңгі өмір сүрмейтінін, Алланың берген тағдыры түрлі болатынын айтқан абзал. Әкесімен ажырасып кетсеңіз ажырасудың себебін балаға түсінікті түрде жеткізіңіз. Бірақ, «қол көтерді», «көзіме шөп салды» деген себептерді балаға есейгенше айтпаған абзал.
10. Өзіңізді ұмытпаңыз. Жалғыз басты ана да әйел. Әйел ретінде өзіңізді ұмытпаңыз. Өзіңізге күтім жасап, жеткілікті дәрежеде уақыт бөліңіз. Кітап оқыңыз, құрбыларыңызбен кездесіп тұрыңыз, сұлулық салондарға барып тұрыңыз. Балаңызбен өміріңізді шектеп қоймаңыз.
Ақпарат comode.kz сайтынан алынды.