Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде сәйкеспеуін ұғынуы не сәйкеспеді деп білуі нәтижесінде пайда болатын сезім. Бұл туралы bilimdiler.kz порталына сілтемемен silteme.kz АА жазды.
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде сәйкеспеуін ұғынуы не сәйкеспеді деп білуі нәтижесінде пайда болатын сезім.
Ұялшақтықтың кері әсері өте көп, бұл адамның бойындағы кейбір жақсы қасиетімен талантын ашып көрсетуге, мүмкіндіктерін пайдалануына көп кедергі келтіреді. Мұндай адамдар жаңа таныстар тауып, олармен қарым-қатынас жасаудан ләззат ала алмайды. Сонымен қоса, мұндай адамдарды, көпшілік қауым өзімшіл, асқақ, тәкаппар деп санауы мүмкін.
Ұялшақтықтың себебі адам өз қабілетіне сенбеуінен туындауы да мүмкін. Зигмунд Фрейдтің тұжырымы бойынша: «Бәрі бала кезден бастау алады». Балаға өз жаратылысын сол күйінде сүйе білуді үйретпеуден осындай кедергі туындайды.
Жасқаншақ адамдардың қасында үнемі сыншы адам болады. Ол оның ата-анасы, досы, ұстазы яғни құлақ асатын адамы болуы мүмкін. Ол қаншалық мінсіз болғанымен, әрқашан олар өз кезегінде оның атқарған ісінің дұрыстығына күмәнданып, сапасынан кемшілік тауып отырады. Мұндай өмірлік теріс тәжірибе қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда сенімсіздік туғызады.
Сонымен, шамадан тыс ұялшақтықпен күресу қажет, ол үшін басқалардың баға беруіне тәуелді болмау керек.
Мінсіз адам болмайды, кез келген адамның бойында кемшілік бар сондықтан, басқалардың сізді сынауға қақысы жоқ. Сізге үнемі кері әсер ететін мұндай бақылаушыларды орнына қойған дұрыс көнбесе қарым-қатынасты үзген жөн.
Өзіңізге шынайы баға беріңіз. Сонда өзіңіз бен қоршаған ортаңызға деген жағымды эмоция пайда болады. Бір нәрсені жасырып қалу немесе жасқанудың қажеті жоқ екенін түсінесіз. Өзіңе сенімсіз қарау және тым ұялшақтық қасиетіңізден құтылғыңыз келсе, өзіңізді жақсы көріңіз.
Қарым - қатынас жасай білу дағдысын жетілдіру артық болмайды, ол үшін: тыңдаңыз, сұрақ қойыңыз, талқылаңыз.
Ең бастысы неге көңіл бөлу керек есіңізде ұстаңыз, ұялшақтықтан арылуды қолға алыңыз, өзіңізге сеніңіз, біраз уақыт өткеннен соң, сенімділік сіздің әдетіңізге айналады.
Басқалар сіз туралы «не ойлайды» - деп бас ауыртпаңыз, себебі олар сізді «не ойлады екен» - деп бас қатырып отырған болар.