Атақты нумерологтың болжамынша, ит жылы жұп құрып, шаңырақ көтеруге өте қолайлы жыл
02.01.2018, 10:08

Атақты нумерологтың болжамынша, ит жылы жұп құрып, шаңырақ көтеруге өте қолайлы жыл

Атақты нумерологтың болжамынша, ит жылы жұп құрып, шаңырақ көтеруге өте қолайлы жыл Фото: Qamshy.kz
"Бас екеу болмай, мал екеу болмас".
Нақты цифр негізінде болжам жасап танылып жүрген белгілі нумеролог Анар Аман Sputnik Қазақстан порталы тілшісіне айтқан жорамалында 2018 жылы жұп құрып, шаңырақ көтеруге өте қолайлы жыл болатынын хабарлады, деп жазады silteme.kz АА.

"Нумерология бойынша есеп-қисап жасасақ, келер жылдың саны бізде – 2. Бұл цифр дипломатияны, бірлікті, мүдделестік пен ниеттестікті білдіреді. Егер осы, артта қалып бара жатқан 2017 жылы "эго", яғни даралану, жеке кәсібін ашып, ерекшеленгісі келетіндердің ісі құпталса, 2018 жылы бәрі керісінше. Бөлектенгісі келетін жандардың алдынан тосқауыл кездеседі, ит жылы ынтымаққа, бірлесіп әрекет етуге, бір-бірін құрметтеп, ой-пікірлерімен санасуға шақырады. Мәселен, алдағы жыл ер мен әйелдің мәңгілік жұп болып, шаңырақ көтеруіне өте қолайлы жыл. Жалпы нумерологияда екі саны энергияға жауап береді. Сол себептен де көбісі отбасылық жайлылықты, ошақ жылуын қалайды. Өмірлік серігін кездестіріп, көптен таныс жандар нақты шешімге келіп, отбасын құруға асығады", - деп атап өткен Аман. 

Сондай-ақ, нумерологтың болжамынша, ит жылы өнер адамдарына, әртістерге дуэт құруға таптырмас жыл. Дейтұрғанмен, бұл цифрдың теріс жақтары да баршылық. Әрбір істе бәрін ақылға салып, келісіп, бейбіт жолмен шешу керек. Ымыраластық, ынтымақшылдық, дипломатия болмаса "аққу, шортан һәм шаянның" кебін киюіңіз мүмкін. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер