Жаңа жыл: Сүйіктіңізге қандай сыйлық жасау қажет?
29.12.2017, 09:55

Жаңа жыл: Сүйіктіңізге қандай сыйлық жасау қажет?

Жаңа жылдың романтика мен ғажайыпқа толы болғанын қалайсың, сондықтан сүйіктіңізді қуанту үшін қиялыңызға ерік беріңіз.

Ханымдар үшін келер жылға сәйкес келетін тастармен жасалған зергерлік әшекей бұйымдар сыйлау орынды есептеледі. Мысалы, лағыл (рубин), анартас (гранат), жылтыр тас (опал), ақық (сердолик).

Сонымен қоса ханымдар үшін хош иісті иіссу – тамаша сыйлық болып есептеледі. Хош иісті иіссудан бас тартатын қыз - келіншек жоқ шығар.

Түрлі тәттілерден әдемі гүл шоғын жасап ерекше сыйлық жасауға болады. Бұл сіздің сүйіктіңіздің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Романтикалық саяхат жасауға міндетті түрде шекара асып, алыс елге шығу қажет емес. Өз елімізде жақсы демалыс орнына демалу билетін алып берсеңіз дұрыс болады. Дәл қазір ең танымал сыйлық ретінде сұлулық салонына немесе жаттығу залына жазылу билетін алып беру жақсы сыйлық болады.

Қайнар көзі: bilimdiler.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер