Қыста жалаңбас жүретіндер оқысын
14.12.2017, 09:42

Қыста жалаңбас жүретіндер оқысын

Бас суықтаса, емделуі қиын

Бұл жөнінде әсіресе жастардың біле жүргені абзал. Өйткені күн суықта жалаңбас жүретіндердің көбі – жастар. «Прическам» бұзылады дейді, жиі жуып, фенмен кептіріп алып жүре береді. Ал бас суықтауы деген оңай дерт емес.

Бас суықтағанда бірінші кезекте қарақұстан шекеге дейін жатқан бас сүйек-ми жүйкелері ауырып белгі береді. Сондай-ақ құлақ түбіндегі үштік жүйкелер ауырады. Мұндайда артериялық қан қысымы артады, бас айналады, дене қызуы көтеріледі немесе адам тоңады, бас ауырып, құлақ шуылдайды. Осы белгілердің біреуі білінсе де уақыт оздырмай дәрігерге тексерілген абзал.

Дер кезінде анықтап, емделмесе, бас суықтауының соңы түрлі қабынуларға себеп болады. Баспен қоса көз, құлақ, тіс, ауырады, мұрынның екі бетіндегі гаймор қуыстары зақымданады.

Басты суықтатқан жағдайда дәрігерге көрініп, тиісті ем қабылдау керек. Ешқашан жалаңбас жүруге болмайды, оны жылы ұстау керек.

Суықтаған бас ауырып, мазаласа үй жағдайында ащы шай, аспирин ішкен көмектеседі. Түймедақ, жалбыздан жылы ванна жасауға, хош иісті эфир майларынан ароматты лампамен жылытуға болады. Ұйқыға жатарда жылы бас киім  киген де дұрыс.

Таңертең, күндіз қытай лимоннигінен тұнба жасап, бір шай қасығын ішсе де мұндай кездегі бас ауруын басады.

Дегенмен суық тиген басты уақтылы емдемесе, ол гипертониялық немесе гипотониялық ауруға шалдықтыруы әбден мүмкін.

Әсіресе құлақ шаншыса тез арада дәрігерге көрініп, емделген абзал. Құлаққа арнайы дәрі тамызған дұрыс. Пияздың бал­ғын шырыны аурысынуды біраз баса алады. Оны арасынан бөліп, кесілген бетін жоғары қаратып қою қажет. Одан бөлінген шырынды «пипеткамен» алып, құлаққа тамызады, үстінен жауып, ол ағып кетпестей етіп жату керек. Ауырсынуды 15-20 минутта басады.

Негізі бас ауыруы инфекция түсуі себепті туындаған ми абсцесінен болуы да ықтимал. Оған тіс ауруы, өкпе қабынуы, құлақ-мұрын-тамақ қабынуы, бас жарақаты себеп болады. 12 сағаттан артық ауырса, ол аса қауіпті.

Сондай-ақ бас вегетативтік тамыр дисфункциясынан да ауырады. Оған ішкі ағза мүшелерінің дерті себеп. Белгілері мынадай: жүрек қағады, адамның өңі қуарады, ол терлегіш болады, қан қысымы артады немесе кемиді, тәбеті жоғалады, ықылық атып, жүрегі айниды, демігеді. Бұл көбіне жүйкесі әлсіз, мінез-құлқы тұрақсыз адамдарға тән.

Мойын остеохондрозы кезінде де бас ауырады. Ол көбіне мойын, қарақұс аумағынан сезіледі. Бас сақинасы кезінде де адамның үнемі мазасы кетеді.

Дегенмен осы бас ауруларының бәрін бас суықтауынан болатын бас ауруынан ажырата білген абзал. Ол үшін, әрине, дәрігерге көрініп, тексерілген дұрыс.

Ең бастысы, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Басыңызды суықтаудан қорғаңыз.

Н. Жүніс

© zamana.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер