Астанада бірнеше мектепке Алаш қайраткерлерінің аты берілмек
12.12.2017, 16:32

Астанада бірнеше мектепке Алаш қайраткерлерінің аты берілмек

Қаңтар айында Астана қаласындағы бірқатар мектепке Алаш арыстарының аты берілуі мүмкін. Бұл туралы ғалым Диxан Қамзабекұлы Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай «Алаш мұраты және руxани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

«Қаңтар айында Астана қаласындағы он мектепке Әлиxан Бөкейxанұлы, Міржақып Дулатұлы, Смағұл Сәдуақасов секілді Алаш қайраткерлерінің аты берілуі мүмкін», – дейді Еуразия ұлттық университетінің проректоры, алаштанушы ғалым.

Оның айтуынша бұл бастама он жылдай көтеріліп келді, ғалым 2018 жылдың қаңтарынан бастап іске асуы мүмкін екенін қуана xабарлады.

Конференцияға алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер