Показать содержимое по тегу: АӨК
2001 – 2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды. Филиалдың қызмет ету уақытында 22,5 млрд.теңге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теңге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Бұл туралы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Бұқарамен байланыс департаменті хабарлады.
«ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің 2017 жылы Ақтөбе облысындағы АӨК қолдау көлемі 10,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы Холдинг 2017 жылы республика бойынша агросаланы қаржыландыруға 267 млрд.теңге бағыттады, - деп «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
Бүгін Астанадағы "Гранд Парк Есіл" қонақ үйінің акт залында ҚР АШМ қолдауымен "ҚазАгро" АҚ ұйымдастырған жиынға вице министрлер Н.Әлтаев пен Р.Кұрманов келіп журналистердің сауалдарына жауап берді.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы "Керей" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі өткен жылы құрылған. Негізгі жұмыс бағыты - сүтті мал шаруашылығы болып табылады.