«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды
13.02.2018, 09:06

«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды

2001 – 2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды. Филиалдың қызмет ету уақытында 22,5 млрд.теңге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теңге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Бұл туралы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Бұқарамен байланыс департаменті хабарлады. 

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясының қолдауымен аймақта еліміздің АӨК дамуына бағытталған кәсіпорындар құрылды. Бүгінгі күні Павлодар облысында 68 300 тонна сыйымдылығы бар 8 көкөніс сақтау қоймалары қызмет етуде. Сонымен қатар Ұлттық Холдингтің қолдауымен аймақта  5 сүт-тауар фермалары, 6 бордақылау алаңдары мен репродукторлар іске қосылды.

2017 жылы «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен Павлодар облысында 130-дан астам шаруашылықтар қаржыландырылды. Сондай шаруашылықтардың бірі «Пахарь» КШ ЖШС болып табылады, аталған кәсіпорын Қазақстандағы 4 бағытта жұмыс істейтін ірі инвестициялық жоба: суару жүйесін қолданумен ашық топырақта өсірілген көкөніс өндіру, 12 000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасының құрылуы, ангус асыл тұқымды 1200 ІҚМ бастарына репродуктор құру және жемшөп өндіруге бағытталған. Аталаған бағыттардан басқа қазіргі уақытта 1200 ІҚМ бастарына арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды. Соңғы жоба бойынша ҚАҚ арқылы технологиялық жабдықтарды, асыл тұқымды ІҚМ, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын сатып алу қаржыландарылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар аталған жоба шеңберінде 60-тан астам жұмыс орындары құрылды, Холдингтің еншілес компаниясы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы аймақта 1370 жұмыс орындары құрылды.

«ҚазАгро» Холдингі» АҚ компаниялар тобымен 2017 жылы Павлодар облысының АӨК қолдауына 10,1 млрд.теңге бағытталды. Жалпы республика бойынша 2017 жылы  Холдинг агросаланы қаржыландырыруға 226 млрд.теңге сома бағыттады.

2017 жылы Холдингтің несиелік ресурстары облыста 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді /барлығы республика бойынша – 62,8 мың адам/.

Павлодар облысы бойынша Холдингтің инвестициялық портфелінде 22,7 млрд.теңге сомасына 46 жоба бар. Іске қосылу мерзіміне 1619 жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі уақытта 18,3 млрд.теңге сомасына 42 жоба іске қосылды, 1539 жұмыс орындары құрылды.

2017 жылы 2,4 млрд.теңге сомасына 12 несие серіктестері қаржыландырылды, 3 млрд.теңге сомасына 163 бірлік ауыл шаруашылық және арнайы техникасын сатып алуға шарттар жасалды, 2,1 млрд.теңге сомасына 480 микронесие берілді. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер