Показать содержимое по тегу: Арыс
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында қуаты 14 мегаватт болатын күн электр станциясы салынады. Станция құрылысына шамамен 12 миллион доллар бөлінетін болады. Мұндай келісімге 13 қаңтарда өткен Абу-Дабидегі IRENA ассамблеясының сегізінші сессиясында ҚР энергетика министрлігі қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды silteme.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 360 орындық балабақша пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған «Лидер» балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теңге қаржы жұмсалған, деп хабарлайды silteme.kz.