ОҚО: Арыста 360 орындық балабақша ашылды
21.12.2017, 20:44

ОҚО: Арыста 360 орындық балабақша ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 360 орындық балабақша пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған «Лидер» балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теңге қаржы жұмсалған, деп хабарлайды silteme.kz.

Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жас өрендердің  тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Жалпы Арыс қаласында бүгінде 49 мектепке дейінгі ұйымда 4207 бала тәрбиеленуде, яғни балабақшамен қамтылу көрсеткіші 85,9 пайызды құрап отыр. Соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 27 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік, 12 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс істеп келеді.

Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі  Ж. Түймебаев мектепке дейінгі білім беретін мекеменің ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндерге балдырған велосипедін сыйға тарты. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Арыс қаласындағы  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан балабақшамен де танысты. 100 орынға шақталған балабақшаның құны 80 млн. теңгені құрайды. Заманауи үлгіде салынып жатқан нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер