Мұхамедиұлы: бір-екі жылда Бурабайда жағдай мүлде басқа болады
26.01.2018, 16:50

Мұхамедиұлы: бір-екі жылда Бурабайда жағдай мүлде басқа болады

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бурабайдағы сервистің сапасын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жағдайды ретке келтіру және туристерді көптеп тарту үшін Щучье-Бурабай курортты аймағының дамуына арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Ең алдымен, бұл ішкі және жол маңында қызмет көрсету сапасын жақсарту. Екіншіден, туристерге ыңғайлы болу үшін жаңа нысандар салынады", — деді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, Бурабай мен Щучье көлдерінен басқа, үкімет Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріне баса назар аудармақ. Бұл көлдердің айналасы туристер үшін жабдықталады. 

"Менің ойымша, 2018-2019 жылдары Щучье-Бурабай курортты аймағында жағдай мүлдем басқа болады, жақсы жаққа өзгереді", — деді ведомство басшысы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер