Жалпы кейпіңіз жақсы көрінуі үшін дұрыс тамақтанып, көбірек су ішудің маңызы зор. Сонымен қатар, темекі тартуды тоқтатып, жақсы дүниелерді көбірек ойлаған абзал. Бұл, әрине, 10 күн ішінде орындалмайтын бағдарлама. Десе де, аталған тізімнің біреуі болсын, сіздің жарқын көңіл-күйіңіз бен тартымдылығыңызға бір ұпай қосары анық. Ендеше, іске кірісіңіз!
— 1 —
Стоматологқа қаралып, барлық тісіңізді емдетіңіз. Емдететін тістеріңіз болмаса, оларға арнайы кәсіби ағарту процедурасын жасатыңыз.
— 2 —
Тісіңізді тек таңертеңгі және кешкі уақытта ғана емес, әрбір тамақтанудан кейін тазалаңыз. 10 күн ішінде тіс щеткасының арқасында тістегі өңездерден тазаланасыз, ол – ауыз қуысы иісінің жағымды болуына кепіл.
— 3 —
Алкоголді ішімдіктерге мүлдем жоламаңыз.
— 4 —
Тұздан бас тартыңыз. Алғашында, ең құрығанда тұзды тағамдар сатып алуды тоқтатыңыз. Тұз ағзада су айналымын кешіктіреді, соның салдарынан көз астында қанталау мен қара шеңбер пайда болады.
— 5 —
Күнде жұмыстан жаяу қайтыңыз. Яғни, үйіңізге, ең кемі 40 минуттай сергек адыммен жүріп жетуге тырысыңыз. Егер жүгіргіңіз келсе, жүгіріңіз. Бірақ, арнайы жаттығу залдарындағы жүгірме кілемшесінде емес, таза ауада жүгіріңіз. Таза ауада серуендеу - бет түсін жақсартады, ал аздаған күнге күю – беттегі кішігірім кемшіліктерді жасыруға көмектеседі.
— 6 —
Егер сіздің теріңіз проблемалы болса, онда орамалдың орнына бетке арналған бір реттік майлықтарды қолдануды әдетке айналдырыңыз. 10 күннен кейін-ақ, бетіңіздің жақсарғанын байқайсыз.
— 7 —
Ұйқы ұзақтығы 7-8 сағат болсын. Ұйқыңыз келмесе, смартфон қарап немесе кітап оқымай, жәй ғана жатыңыз. Армандаңыз, жоспар құрыңыз, тіпті, медитация жасап көруге болады, әйтеуір, өзіңізге демалып, серігуге мүмкіндік беріңіз.
— 8 —
Дене жаттығуын жасауды бастаңыз. Әрине, ерінуіңіз мүмкін, бірақ 10 күнге ғана жоспарлап көріңіз. 10 күннен соң, жаттығу жасау мен жасамаудың айырмашылығын сезінгеннен кейін, оны әрмен қарай жалғастыру-жалғастырмауды өзіңіз шешесіз. Күнделікті жоспар құрып қойсаңыз, жаттығуға көп уақыт та кетпейді.
— 9 —
Жиірек тамақтануға кірісіңіз. Асыңызды екіге бөліңіз де, оны күніне 3-4 рет емес, 6-7 рет бөліп жеңіз. Тағам мөлшері сол қалпында қалады, бірақ, сіз 10 күннен кейін ас мөлшерін қысқартып, азырақ тамақтану керектігін ұғасыз.
— 10 —
Шаштаразға барып, ерекше шаш үлгісін жасатыңыз
— 11 —
Барлық аяқ киімдеріңізді тазалап, жуып, тіктіру қажет болатын жерлерін тіктіріп, ретке келтіріңіз.
— 12 —
Үйіңіздің бұрыш-бұрышына дейін сүртіп, толықтай тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Бұл амал - сергек ұйықтауға және өзіңізді жақсы сезінуге септігін тигізеді.
— 13 —
Таңертеңгісін салқындау суға шомылыңыз. Ол - сізге тері сергектігін сыйлайды.
— 14 —
Әр күн сайын көптен бері байланыспаған достарыңыздың біріне қоңырау шалып отырыңыз. Жақсы көңіл күй – жиі күлімдеуге көмектеседі.
— 15 —
Арқаңызды тік ұстап жүруді бастаңыз. Күні бойы арқаңызды тік ұстап жүре алмасаңыз, арнайы корсет немесе гаджет сатып алыңыз.
— 16 —
Гардеробыңызды ақтарып, ішіндегі ең әдемілерін кейінге қалдырмай, 10 күн бойы киіп шығыңыз. Ал киілмейтін киімдеріңізді қайырымдылық ұйымдарына өткізіңіз. Игі іс – адамды киімнен артық әшекейлейтінін ұмытпаңыз.
— 17 —
Күнде кешке күліп, эндорфин қабылдау үшін жағымды комедия фильмдерін қараңыз. Ол жиі күліп жүруге, өзіңізді жарқын сезінуге септігін тигізеді.
— 18 —
Егер сізге моншаға баруға болатын болса, барыңыз.
— 19 —
Бұлшықет пен дене бітіміңіз әдемі көрінуі, жақсы жұмыс істеуі үшін 10 күндік массаж қабылдаңыз. Ол босаңсытатын емес, емдік массаж болуы тиіс.
— 20 —
10 күн бойы мүлдем теледидар қарамаңыз, комедия фильмдерін көруге болады.
Дереккөз: bilim-all.kz
Пікір