Показать содержимое по тегу: көп
Пятница, 18 мая 2018 10:24

Жаңа әліпбидің жаңалығы көп

Күн санап өзгеріп жатқан аумалы-төкпелі заманда сана-сезіміміз бен дүниетанымымызды жаңғыртып, заман ағымына сай бейімделу басты міндетімізге айналды. Себебі Елбасымыз өзінің 2017 жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіріп, көш басындағы елдермен иық түйістіруге дайын болуымыз керектігін дәлелмен келтірген еді. Атап айтар болсақ, рухани жаңғырудың бастауы – ұлттық сана, тірегі – ұлттық тіл, арқауы – білім, мекені – туған жер, дербестігі – мәдениет, мақтанышы – азамат болуы керек деген жүйелі басымдықтарды сөз еткен болатын. Аталған мақалада қамтылған бастамалардың бәрі де өзекті, бәрі де мағыналы. Соның бірі  2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру бастамасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әліпбиге көшу жөнінде: «Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. 

Опубликовано в Тіл
Среда, 29 ноября 2017 01:03

350 мың теңге жалақы көп пе?

Астаналық автобус шопырлары айына 350 мың теңге жалақы алады екен. Бүгін көп талқыланып жатқан жаңалықтардың бірі - осы. 

Опубликовано в Қоғам

Адамзат баласы бал және даршынмен бағзы замандардан таныс. Бұл өнімдер арведа, дәстүрлі қытай медицинасында айрықша бағаланады. Бал ешқашан бұзылмайды. Ал мыңжылдық бұрын даршынды тек императорлар сыйға алған. Бүгінде олар жалпыға бірдей қолжетімді. Ал екеуінің қосындысы тіптен пайдалы әрі дәмдірек.

Бұл ретте бал мен даршын қосындысының ерекше пайдасының дәлелдерін жиысытырып, оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдік.

Қартаюға қарсы әсер

Бос радикалдар (оксиданттар) тіндерді қышқылдандырып, жасушаларды бұзады. Ол ерте қартаюға және түрлі ауруларға алып келеді. Антиоксиданттар бос радикалдарды бейтараптандырып, бұл үрдістерді баяулатады.

  • Балдың құрамында фенолдар, ферменттер, флавоноидтар мен органикалық қышқылдар бар. Мұның барлығы – күшті антиоксиданттар. Жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың балдың қошқыл түстілерінде көп екендігін дәлелдеді. Мысалы, қарақұмық балы.
  • Даршындар полифенолдар көп. Олар күшті антиоксиданттар болып табылады. Жүргізілген зерттеу жұмысында даршын антиоксиданттар саны бойынша 26 дәмдеуіштерді артта қалдырды. Тіпті, сарымсақ пен орегано да алдыңғы қатардан көріне алмады.

Жүрек қызметін жақсартады

Бал мен даршын жүрек – қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі.

  • Бал қанның жүрекке түсуін күшейтіп, нәтижесінде күретамырлар кеңейеді. Ондағы антиоксиданттар тромбтардың түзілуіне жол бермейді. Мұндай ұйысқан қан көп жағдайда жүрек талмасы, инсультке алып келеді.
  • Даршын «жаман» холестерин деңгейін төмендетіп, (тамыр қабырғаларында түзілетін атеросклероз түйіндері) «жақсысын» арттырады.

Үгілген даршынның бірнеше ас қасық мөлшерін құтыдағы балмен араластырып, күнделікті таңертең нан тіліміне немесе күлше нанға жағып жеңіз.

Бактериялық жұқпамен күреседі

Бал да, даршын да бактерияға қарсы әсерге ие. Сондықтан ол қоспаны тұмау тигенде ғана емес, басқа да жұқпалы ауруларға шалдыққанда қолдануға болады.

  • Бал – табиғи антибиотик. Ерте замандардан оны жарақатты залалсыздандыру үшін қолданады. Ол дефенсин-1 ақуыздары және глюкоза оксидазаларының көмегімен бактерияларды жояды.
  • Даршынның бактерияға, қабынуға және саңырауқұлаққа қарсы әсері бар. Оның құрамындағы ерекше заттар, даршын альдегиді даршынның бірден сезілер айрықша иісіне, пайдалы құрамына жауап береді.

Арықтауға көмектеседі

Бал мен даршынның өзі ғана артық майдан арылуға көмектесуге қауқарсыз. Десе де мүсініңіз сымбатты болғанын мақсат етіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтансаңыз, аталған қоспа жылдам арықтауға себін тигізеді.

  • Қант пен кәмпитті балмен алмастырыңыз. Балды қалыпты мөлшерде қолдану калорияны азайтады. Сонымен қатар тазартылған қант қандағы глюкоза мөлшерін көтереді. Мұнан кейін оның бірден төмендеуі орын алады. Глюкоза мөлшерінің айырмасы көңіл-күй тұрақсыздығына, инсулин түзілуіне алып келеді. Бал қанға баяу сіңетіндіктен, қант мөлшері көтерілмейді.
  • Даршын қандағы қант мөлшерін төмендетіп, зат алмасуына жауап беретін инсулинге сезімталдықты арттырады. Олсылайша ол зат алмасуының жылдам жүруіне ықпал етіп, глюкоза май емес, күш-қуатқа айналады.

Таңғы ас және ұйқыға жатардан 30 минут бұрын 1 шай қасық және 1/2 шай қасық даршын қосылған су ішіңіз.

Қандағы қант деңгейін төмендетеді

Қандағы қант мөлшерінің артуы көптеген ауруға апарып соғуы мүмкін. Олардың қатарында сусамыр сынды қауіпті эндокриндік аурулар бар.

  • Балдың глюкоза деңгейін төмендете алатыны дәлелденген. Бал тек 17% судан тұрады. Қалғаны – қант, оның ішінде фруктоза мен глюкоза. Оларды ағзамыз жеңіл сіңіреді және қандағы қант деңгейі көтерілмейді. Сондықтан балды сусамыр дертінен зардап шегетін жандардың тұтынуына болады.
  • Даршын да қандағы қант деңгейін төмендеті. Оны денсаулығы күшті еріктілер және сусамыр дертіне шалдыққандар қатысқан зерттеу жұмысы көрсетті. Әрине, ол – дәрі емес. Алайда тағамдық қоспа ретінде даршын – өте тиімді.

Бал таңдаған кезде оған жиі қант, бор, ұн және крахмал қосатынын ескергейсіз. Сондықтан балды тек сенімді сатушылардан алып, тазалығын тексеріңіз. Сүзілмеген және пастерленбеген балды қолданған дұрыс.

Ал даршын сатып алғанда үгілген түрін емес, даршын таяқшаларын алыңыз. Сонда нағыз цейлон даршынын дәл осы атаумен сатылатын, бірақ пайдалылығы төмен сана өсімдігінен оңай ажыратуға болады.

Ботулизм қаупі себепті 2 жасқа толмаған балаларға бал беруге болмайды.

Опубликовано в Нетократия

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер