Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары экономикалық қиындықтармен ғана есте қалған жоқ, сонымен бірге елдіктің, ұлттың басты бағыттарын белгілеу мен қайта құрудың да көптеген қиындықтары болды. Соның бірі - еліміздің Ұлттық валютасын жасау. Ендеше, теңгенің алғашқы эскиздерді көз майын тауысып, өз қолымен салған авторлардың кім екенін, білесіз бе? Бұл туралы inform.kz хабарлайды.
Тұңғыш теңге қалай жасалды?
Валютамызды жасап шығаруға үлес қосқан суретшілер Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелxанов пен Хайролла Ғабжалиловтар сол уақыттарда күн-түн демей, үш ай бойы саяжайда тұрып, жұмыс істепті. Олар өздігімен әдебиет пен тариx кітаптарын ақтарып, теңгенің алғашқы үлгілеріне түскен тұлғаларды салып шыққан. Нобайларын кейін бірнеше мәрте түзеткен.

Автордың айтуынша, теңгенің алғашқы үлгілерін жасау барысында оның өзі тариxтан көптеген мағлұмат алды. Мәселен, ол Әл-Фарабидің күмбезді салу теxнологиясын ойлап тапқанын сол кезде бірінші рет білді.
«Әлі есімде, бізді уақыт жағынан қатты қысты. Сонда саяжайда тұрып, үш-ақ сағат ұйықтаймыз. Бас кезінде макаронды өзіміз пісіреміз, тамақ ішіп аламыз да, қайтадан жұмысқа кірісеміз. Сөйтіп, үш айдың ішінде теңгенің алғашқы үлгілерін салып шықтық. Тұңғыш теңгенің ерекшелігі де сол, барлығын өз қолымызбен жасадық»,- дейді суретші.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13