Чокерді кімдер таққан?
05.10.2016, 16:10

Чокерді кімдер таққан?

Бүгінгі күнде  жас қыздардың мойнында жіңішке жіп тәріздес әдемі алқаны көптеп кездестіреміз. Бұл қандай әшекей екенін білесіз бе? Ол әшекейді кімдер ойлап тапқан және қандай адамдар таққан?

Бүгін біз әлемдік сәнде ғасырлар бойы келе жатқан «чокер» жайлы сөз қозғайтын боламыз!

h42pkncsdmk

«Choker» сөзінің ағылшын тілінен аударылған баламасы «тұншықтырғыш» деген мағынаны білдіреді. Қысқа ұзындықтағы, мойынға тартып байланған, алқа, әшекей бұйым.

Бұл әшекей әртүрлі материалдардан жасалады:

* Ағаш;

* Сүйек;

* Қымбат тастар;

* Бағалы металлдар;

* Атлас;

* Тері.

Ерте кезде мұндай әшекейлерді бекер тақпаған. Чокердің жасалынған материалына байланысты адамдардың қандай әлеуметтік тап өкілі екенін анықтаған.

Мысалы:

* Ағаштан және теріден жасалынған чокерлерді тек құлдар тағатын болған.

* Бағалы тастармен көмкерілген әшекейді таққан адамды ақсүйек табына, жоғары элитаға жатқызған.

* Ешқандай қымбат тассыз тек матадан құралған чокерді орта тап өкілдері пайдаланған.

Ең алғашқы чокер II ғасырда шыға бастады. Оның қазірге дейін маңыздылығын жоғалтпай, кең сұранысқа ие болуы бұл әшекейдің әмбебаптылығына байланысты болып отыр.

Чокерді кімдер және неге таққан?

Чокер  әшекейін тағу үндістерден бастау алған. Олар көбіне мойнына аң сүйектерінен және ағаштардан жасалған алқалар тағып жүретін.

hcg0u99ygwy

Бұл алқаны тағы кімдер таққан?

1. Азия тұрғындары мойындарын ұзарту үшін бірден екі ағаш алқаларды қолданған.

2. Египет перғауындарында мұндай әшекейдің алтыннан жасалған түрі көп кездеседі.

3. Орта ғасырларда Рим Империясының әскерлері үшін күмістен құралған арнайы чокерлер жасалынған.

4. Кейіннен бұл әшекейді жеңіл жүрісті қыздар таққан. Оларды ортада бірден тану үшін чокерді арнайы атлас, бархат және жібек маталардан жасаған.

5. 19 ғасырға қарай чокер бұйымына сұраныс жоғалып, оның орнын тік алмалы- салмалы жағалар басты.

6. 90- жылдарда чокердің заманы өрлеп, қайта сәнге кірді. Оны көбіне музыканың ауыр металл стилімен айналысатын адамдар қара былғары күртелермен таққан.

Чокер бүгін де қайта айналып, тағы да сәнде. Қазіргі таңда жас қыздар мен жеткіншектер арасында белең алған бұл алқаның түрі еш шектелмеген. Талғамыңызға қарай жемчугтан, пластиктен, силиконнан, теріден және т.б. жасалған түрлерін табуға болады. Мұндай әшекейді кішкентай дүңгіршектерден де, атақты зергерлік бұйымдар сататын дүкендерден де сатып алуға болады. Құны 1000 теңгеден басталып, қолданылған материалға байланысты бағасы да өсе береді. Қазір атақты дизайнерлер де өздерінің коллекцияларына осы чокерді енгізе бастады.

Сонымен, сіз чокерді кімдер және не үшін таққандығы жайлы білдіңіз. Арғы тұсын өзіңіз саралап, жарасымды үлгісін таңдау сіздің еншіңізде!

Дерек көзі: ikerim.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер