Көлікті заңсыз тоқтатса не істеу керек?
29.11.2018, 17:03

Көлікті заңсыз тоқтатса не істеу керек?

Көп көлік жүргізушілерін осы сұрақ мазалайтыны белгілі. Себебі өзінің заңды құқықтарын көп адам білмейді.

Ал біліп жүрсе, өзгелерге жеңіл әрі пайдалы болар еді.

 Мысалы, Жол-потрульдік полиция  қызметкері жылдамдықты арттырады деп тоқтатты дейік. Ал мониторда онша анық емес үш көлік тұр, нөмірлері де көрінбейді. Мұндайда не істеу керек? Әрине, жол полициясы  көліктердің қайсысы ереже бұзғанын нақтылап бере алмайды. Себебі оларда жылдамдық артқаны көрінгенімен, оның монитордағы көліктердің қайсысына тиісті екені нақты емес. Сондықтан қайсысы ереже бұзғанын инспектор нақты дәлелдеп беруі керек. Дәлелдей алмаса, онда, әрине, жүргізуші кінәсіз деп табылады. Кейде «қызылға» өттің, «ремень» тақапғансың деп те тоқтатады. Бірақ инспектор оны дәлелдей алуы керек, дәлелдей алмаса, жүргізуші кінәлі емес деп танылады. Яғни құр инспектордың сөз жүзіндегі айтқандары дәлел емес, оған қандай да бір техниканың дәлел немесе куәлердің куәлігі керек болады.

 Егер инспектор ереже бұзу немесе тағы басқа да заң бұзушылық оқиғасын анықтаған жағдайда, егер көлік жүргізуші өз қателігін мойындаса, онда бұл жөнінде  хаттама толтырылып, айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл оқиға орнында, тек соған қатысты ғана салынады, көлік жүргізу құқынан айыруға немесе әкімшілік «тоқтамға» алуға қатысты емес.

 Жүргізуші «штрафты» оқиға орнында төлей алмаса да хаттама толтырылады. Ереже бұзу оқиғасы құрылғыға түсіп қалмаса, куәгерлер жоқ болса, тәртіп бұзу ұсақ-түйек болғанның өзінде де хаттама оқиға орнында толтырылады. Ол әкімшілік сотқа өтуі мүмкін. Істі қарау кезінде барлық жиналған материалдар есепке алынады. Дәлелдемелер есепке алынады. Ол фотосурет, бейнежазба, куәлердің көрсетуі, сынама нәтижелері болуы мүмкін.

 Көлік жүргізуші өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін мынадай қадамдар жасай алады. Хаттамаға қол қойған кезде ондағы айтылған жайларға қарап болсаңыз, келіспеңіз. Бұл жөнінде көрсетуіңіз керек. Нақты немен келіспейсіз, оны анық көрсетіңіз. Көп болса, бөлек қағазға түсініктеме жазыңыз. Онда куәгерлер туралы, мекен-жайларын, телефон нөмірлерін материалдарды жазбаша түрде жинап, іске қосып тігіңіз. Инспектормен болған әңгімені диктофонға тазып алыңыз. Хаттама жазушы қызметкердің аты-жөнін, жетон нөмірін, көлік нөмірін жазып алыңыз. Егер ол заңсыз әрекет жасаса, арыздана аласыз.

Жалпы, өзіңізді сенімді ұстаңыз. Кінәлі болмасаңыз, заңды түрде дәлелдеңіз. Инспектормен келіспейтін болсаңыз, мәселені заңды түрде хаттамаға түсіруді сұраңыз. «Сенім телефонын» пайдаланыңыз. Қағазға өз шағымыңызды жазып, біреуіне оның қол қойып беруін сұраңыз. Бланкті полиция қызметкері беруі керек, бермесе, онда арызды жай қағазға да түсіруге де болады.

 ҚР Азаматтық құқық бұзушылықтар туралы кодексінде «Кінәсіздік презумпциясы» деген бап бар. (12-бап). Онда былай делінген:

1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше, Кодексте көрсетілген тәртіп бойынша кінәсі дәлелденбейінше және бұған қатысты сот шешімі күшіне енбейінше кінәсіз деп есептеледі.

2.  Ешкім де кінәсіздігін дәлелдеуге тиісті емес.

3. Құқық бұзуға қатысты қозғалған іс кінәлілігіне қатысты күмән туған жағдайда кінәлі болуы мүмкін деп танылған адамның пайдасына шешіледі. Заң талаптардың қолдану кезінде туындаған күмәндар да өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылыққа орай іс қозғалған адамның пайдасына шешіледі.

Яғни күдік, күмән негізінде шешім шығаруға болмайды, кінәлі деп көрсетілген адамның кінәсі толық дәлелденуі тиіс. Дәлелденбеген жағдайда ол кінәсіз деп табылады.

© Stan.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер