Тәуелсіздікті сақтап, оны ары қарай да­мы­туымыз керек - Ә.Нысанбаев
19.12.2017, 10:13

Тәуелсіздікті сақтап, оны ары қарай да­мы­туымыз керек - Ә.Нысанбаев

Тәуелсіздіктің қандай тетіктері бар болса, соның бәрін іске қоссақ жақсы болар еді...

Философия ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев «Айқын» газетіне берген сұхбатында тәуелсіздік идеясын саралады, деп хабарлайды silteme.kz.

«Тәуелсіздіктің ең негізгісі – саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік болмаса, ешқандай тәуелсіздік болмайды. Ақ­параттық, экономикалық, басқа да тәуелсіздіктер толып жатыр. Олар саяси тәуелсіздікті іске асырудағы бір тетік қана. Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай, басқа да Алаш қайраткерлері ХХ ғасырдың басында саяси тәуелсіздік үшін күресті. Саяси тәуелсіздікке қол жеткізуді армандады. Енді бір жиырма жылды артымызға тастап, аласапыран кезден өтіп алсақ, керемет жақсылықтарға жетер едік» деп қынжылыс білдірген ғалым.

«Тә­уелсіздіктен айырылмауымыз керек. Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, басты байлығымыз. Тәуелсіздік үшін қанымызды да, жанымызды да аямаймыз. Тәуелсіздікті сақтап, оны ары қарай да­мы­туымыз керек. Сол үшін Тәуелсіздіктің қандай тетіктері бар болса, соның бәрін іске қоссақ жақсы болар еді» деп жәнеден пікір білдірген Ә.Нысанбаев.

Сондай-ақ, ол өз сөзін: «Әрине, 100 пайыздық абсалюттік тәуелсіздік болмайды. Мемлекет өзінде жоғын екінші бір мемлекеттен алып жатады. Дегенмен бұл – келісіммен жүзеге асырылатын нәрсе» деп атап өткен академик. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер