Сіз терінің атқаратын қызметін білесіз бе?
22.12.2017, 09:26

Сіз терінің атқаратын қызметін білесіз бе?

Терінің негізгі қызметі ішкі және сыртқы әр түрлі факторларға тікелей байланысты. Тері нерв, қан және лимфа жүйесімен тығыз байланыста. Сол себептен оған кез келген ішкі мүшелер мен нерв жүйесінің аурулары тікелей әсер етеді.

Сонымен терінің әр түрлі атқаратын қызметтері:

Ø Қорғаныш. Ø Тазалаушы. Ø Жылу реттеуші. Ø Қоректену. Ø Тыныс алу және т.б.

Қорғаныш қызметі: терінің эпидермальді қабаты нерв жүйесін, тамырларды және айналасындағы тіндерді сақтайды; механикалық жарақаттардан, термиялық, химиялық, жарықтық және электрлік әсерден, ластанудан, микроорганизмдердің енуінен (бактерия, әр түрлі туғызатын инфекциялардан), судан және т.б қорғайды. Пигмент бөле отырып, ағзаны күн сәулесінен қорғайды. Тері майы, терінің түкті бетін жұқа қабатпен қаптап тұрады. Олар әр түрлі химиялық заттар мен қышқылды  зиянды әсерден қорғап тұрады. Адам терісінде шамамен 300 000 май бездері болады. Олар көбінесе түкті аймақтарда баста, бетте, арқа мен көкіректе болады. Қалыпты жұмыс істейтін май бездері аптасына 100-200г дейін тері майын бөліп отырады.

Тазалаушы қызметі: тері ағзадағы жиналған зиянды заттарды шығарып отырады (мочевина, амияк және т.б). Сонымен қатар тер мен бірге әр түрлі улы заттар, ағзаға тағам мен дәрімен түскен улы заттарды (сынап және мышьяк т.б) шығарып отырады. Адам терісінде 2млн тері бездері болады, олар тері бетінде біркелкі тараған. Дені сау адам күніне 0,4-2л тері бездерін бөліп отырады.

Жылу реттеуші қызметі: тері мүшедегі жылу реттеуші қызметке белсенді түрде қатысады. Денені  жазда да, қысқа да бір температурада ұстап тұра алады. Сыртқы ортадағы жоғары температурада тері бұлшық ет босаңсып, тамырларды  кеңейтіп, қан ағысы жылдамдатып, жылу бөліну жоғарлайтады, яғни тер көп бөліне бастайды. Ал төменгі температурада тамырлар тарылып, қан ағысы баяулатып, жылу бөліну бірден төмендейді. Осы қызметтердің барлығы орталық жүйке жүйесімен тікелей байланысты. Қоршаған ортадағы 18-20 toC адам  ағзасына қолайлы температура болып саналады. Жылу реттелуінің бұзылуы бүкіл ағзаға әсер етеді.

Қоректену қызметі: косметика саласында терінің кейбір заттарды сіңіру қасиетін білу өте маңызды. Бірақ та көп заттар тері бетінде қалады. Оларға мысалы: спирт, эфир, сынап және т.б. жатқызуға болады.  Тері арқылы жануар және өсімдік майлары сіңіріледі. Бұл заттардың барлығын косметикалық заттарды дайындауда есепке алады. Сонымен қатар косметикалық заттардың құрамына дәрілік заттар, дәрумендер, гормондар және т.б теріге сіңетін заттар  кіреді.

Тыныс алу қызметі: терінің тыныс алуы газ алмасу қызметімен байланысты.  Көмірқышқыл газы шамамен 2% тері   арқылы  шығарылып отырады. Сонымен қатар бір тәулікте теріден 800г сулы бу шығарылып отырады.

Тері күтімі          

Терінің атқаратын бұл  қызметтері –адам  ағзасының қалыпты өмір сүруі үшін өте маңызды!

Сондықтан теріңізді балғын қалпында сақтаймын десеңіз осы бастан күтім жасаңыз!

© irisgul.wordpress.com

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер