қала

Показать содержимое по тегу: қала

Біздің silteme.kz порталы емайлына Шымкент қаласы тұрғыны Айнұр Қанатқызы есімді қыздан кішігірім хат келіп түсті. Онда шымқалалық ару Шымкент қаласы әкімдігінің Тәуелсіздік күні қарсаңында қала безендіруіне тақырыптық тұрғыда мән бермегеніне қынжылыс білдірген.

Опубликовано в Ұсыныс

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында аймақ әкімдеріне халықты жылумен қамтамасыз ету барысын өз бақылауларына алуды, қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz/kz.

Опубликовано в Қоғам

Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым әбу-Насыр әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең беделдісі де, белгілісі. Отырар ежелгі заманнан-ақ қаласында ғылым, мәдениет, сауда, даласында егін, мал шаруашылығы қарқынды дамыған әлемдік ірі мәдени орталықтардың бірі болды. VІ-ХVІ ғасырларда Фараб (Отырар) аймақтың бас қаласы, Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық орталығына айналды.

YSH_9641

Деректерге сүйенсек, Отырардың соңғы тұрғындары қаланы ХVІІІ ғасырдың орта шенінде тастап Түркістан, Шымкент, Шілік жағына қоныс аударған. Содан бергі дәуірлерде ол қаңырап бос қалды. Жергілікті тұрғындар Отырартөбе деп атап кеткен, үйіндіге айналды. Отырарды зерттеу 1904 жылдары А.Кларенің басшылығымен жүргізілген алғашқы ғылыми негіздегі қазба жұмыстарынан басталады. Кең ауқымды зерттеу 1969 жылы Кемал Ақышев басшылық еткен кешенді экспедицияның жүргізген қазба жұмыстарымен жалғасады. Нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы ең көп зерттелген ортағасырлық қала болып табылады.

YSH_9659

Осы зерттеулер нәтижесінде көп жылдардан бері Отырар мен оның төңірегіндегі қала-қалашықтардан кездейсоқ және археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген жәдігерлер табылды. Этнографиялық тарихи мұраның дені Шәуілдір ауылындағы Отырар мемлекеттік археологиялық музей қорында сақтаулы.

Монша. XIII-XV ғғ.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысында рабад (қала сыртында шаруалар, малшы, қолөнерші, ұсталар тұратын аудан) аумағында, шахристанның (билеушілер, ақсүйектер, дін қызметкерлері мен қаланың бай халқы тұрған бөлік) оңтүстік қақпасының батысында қыштан монша салынды. Ол жуынатын, буланатын және дене үзетін жайлардан, барлығы 10 бөлмеден тұрды. Монша еден астында орналасқан мұржалар арқылы жылытылып, оның үстінде шыңылтырланған қыш тақталар төселген. Ал су жерасты қыш құбырлары арқылы Отырар су қоймасынан тартылған.

YSH_9674

Мешіт. XVI ғ.
XVI ғ. шахристанның бұрын бос қалған аумақтарында қайта құрылыс жүргізіле бастады. Орталық төбенің оңтүстігіне таман орналасқан мешіт құрылысы да осы кезге тура келеді. Мешіттің жалпы ұзындығы белгісіз күйінде қалуда, ал ені 15,5 м. Ғимарат орталық зал мен оған екі жағынан жапсарласқан қанаттардан тұрады. Үлкен залдың есігі порталмен айқындалып, оның көлемі 7х7 метрді құрайды. Михраб пен оның айналасындағы қабырғалар ғанышпен сыланған.

YSH_9668

Шахристан қорғаны. VIII-XV ғғ.
Ортағасырлық Отырар бірнеше қатар бекіністерден тұрған. Әдетте қаланы сыртқы жаулардан қорғаған қамалдардың биіктігі 6, ені 4 метрге жеткен. Олардың аз ғана бөлігі осы күнге дейін сақталған. Бұл бекіністердің көбісі пахса мен кесектен соғылған. Уақыт өте келе олар жөндеуден өтіп, күшейтіліп тұрды.

YSH_9658

Шахристанның оңтүстік-батыс қақпасы
Кіреберісі қарауылханалардан, қақпа және қырлы мұналардан тұрады. Шығаберісінің екі жағында кесектен тұрғызылған үлкен қарауылхана болған. Бұлар күшті өрттің әсерінен жойылды.
Мұнара мен бағанаға қазба жұмыстарын жүргізу барысында күйген кірпіш сынықтары табылды. Өрт салдарынан қақпаның жоғарғы жағындағы кесектері ордың төменгі бөлігіне түскен. Шабуыл кезінде май пайдаланылған деген аңыз-әңгіме шындыққа жанасатындай.
Кіреберіс бөлігі жойылғаннан кейін мұнара орнында тұрғын жайлар мен ұстаханалар пайда болған екен.

YSH_9643

Қуаныш Шохаев,
«Отырар мемлекеттік археологиялық
қорық-мұражайы»
археология бөлімінің ғылыми қызметкері

Фото – Ерболат Шадрахов

Дерек көзі: nationalgeographic.kz

Опубликовано в Руханият

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер