демография

Показать содержимое по тегу: демография

2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, Қазақстанда халық саны 18 млн 232 адамды құрады.

Опубликовано в Сарап Time

Бұл сұрақ ашаршылық тарихын зерттеушілер үшін  аса маңызды, тіптен басты мәселе деген болар едік. Осы жылдардағы ауыл халқының, оның ішінде қазақтардың  санын  бұрмалап көрсету  тарихи шындықтан адастыратынын кез келген зерттеуші ұмытпауы тиіс. Қазақ халқының 1930 жылдың басындағы нақты санын білмей ашаршылықтан қырылғандардың пайыздық үлесін анықтау мүлде мүмкін емес.

Опубликовано в Саясат жүзі

Жыл басынан бері 7000-ға жуық отандасымыз өзге елдің тұрғынына айналды. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, шетке көшкендердің көпшілігі Ресей азаматтығын алуды жөн көріп отырған сыңайлы. 500-ге жуық азамат Германияға қоныс аударған. 60 адам мұхит асып кеткенге ұқсайды.

Опубликовано в Сарап Time

Бүгін Астана қаласының дамуы жөнінде жиын өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы үш мегаполистің болашағы туралы әңгіме қозғады.

Опубликовано в Саясат жүзі

Күні кеше Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 5 әлеуметтік бастамасын ұсынған болатын. Олардың ең алғашқысы - қазақстандықтарды баспанамен қамту.

Ол үшін Президент «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру керектігін айтты. Яғни, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайтын ипотека ұсынылады. Несие мерзімі 25 жыл.

Н.Назарбаевтың осынау бастамасы бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бір тарап мұны «халықтың баспана мәселесін шеше алады» деп қуанып жатса, екінші тарап 25 жылдық несиенің мерзімі өте ұзақ екенін айтып, көңілдері толмайтынын жеткізуде.

Ал, белгілі журналист, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп болса баспанамен қамтуда отбасындағы балалардың санына мән берілсе екен дейді.

«Елбасының бастамасы дұрыс! Енді осы есепке сәл-пәл түзету жасалса: айталық, 1 бала туғанда 10 пайыз, 2 бала туғанда 20 пайыз, 3 бала туғанда 30 пайыз, 4 бала туғанда 40 пайыз, 5 бала туғанда 50 пайыз, 6-7 бала туғандарға тегін беретін болса! Сонда баспанамен қатар демографиялық мәселе де шешілер еді», - дейді Нұртөре Жүсіп өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде «Қоджетімді баспана-2020» бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Ол қазақстандықтардың баспана мәселесін толықтай шешеді деп жоспарланған. Алайда, 2020 жылға жетпей үкімет бұл бағдарламаны тоқтатып тастады. Қазіргі таңда оның орнын «Нұрлы жер» бағдарламасы басты.

Опубликовано в Ұсыныс
Страница 1 из 2

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер