Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ұлт. Сәби ата-ананың қамқорлығынсыз қалса да, ағайынның көз қиығыннан тыс қалған емес. Алайда, бұл, басы бүтін басқаға бала болып кетті деген сөз емес. Тегін танып, жөнін біліп өсетін болған.
Показать содержимое по тегу: жетім
Жақында Шынжаң ұйғыр телеарнасының «Шырын түс» бағдарламасының тақырыбына арқау болған қандасымыз Зайра Асейінғазықызының ізгі істері Қытай халқын тебірентіп, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады. Елімізде қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады.
«Жетім көрсең жебей жүр» деген атам қазақ. Қазіргі таңда бай-бақуат азаматтар саны артты. Құдайдың барын ғана емес, мұны да еске бір салып қойған дұрыс-ау. Әйтпесе, күнде «ертеңмен» өтіп жатқан өмір ағыны бейкүнә балаларға бір қамқорлық көрсетуге де жетпей өтіп кетуі мүмкін. Ендеше, Алматы қаласындағы балалар үйлерінің байланыстарын назарларыңызға ұсынамыз.
2017 жылдан бастап бала асырап алушылардың жасына шектеу қойылмайды, деп хабарлайды inform.kz.