Иммунитетіңіз түсіп кетті ме?
11.03.2018, 13:42

Иммунитетіңіз түсіп кетті ме?

Көктем мезгілінің келуі – үлкен қуаныш. Жер жасыл желекке оранып, табиғат керемет күйге енеді. Әсіресе, қыз-келіншектер көктем мезгілінде құлпырып, жайнай түседі. Бірақ қуануға мұрша жоқ? Неге? Көңіл-күй түсіңкі, үнемі ұйқы келеді, ал қоршаған орта шаршатады. Гиповитаминоз, иммунитеттің азаюы мезгіл арасында әдеттегі дүние. Көктемде иммунитетті көтеру үшін, қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз. Олар тұлғаңызға белсенділік сыйлап, көңіліңізді көтеріңкі етеді.

Көктемде иммунитет көтерудің 7 тәсілі

№ 1 Дене шынықтырумен айналысу – денсаулыққа бірінші қадам.

Серуендеуден бастаңыз. Жаяу жүру – дене шынықтырудың ішіндегі қолжетімдісі. Дүкеннен дүкенге ауа жұтып қана жүру есептелмейді. Асықпай серуендеңіз. Ойыңызды айналаға бөліп, әсем табиғат аясын тамашалаңыз.

№ 2 Жылдам жүру

Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарап, ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл-күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл-күй жақсарса, иммунитет көтеріледі. Дене шынықтыруды жайлап бастау керек, бірден ағзаға көп күш салып, зорықтыруға болмайды, біртіндеп жүйелі түрде ағзаға түсетін күшті көбейтіп, ұлғайтып отыру керек. Мысалы, жылдам жүру, 1-күн 1 шақырым (жағдайыңызға қарай 500 метрден бастасаңыз да болады), содан кейін күнде 5 шақырымға дейін қосып отырасыз. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеу емес, жылдам жүру пайдалы.

№ 3 Салқын сумен құйыну

Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаныңыз жөн, алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет құйынып, соңыра көбейтіңіз. Иммунитетті көтеру үшін контрасті душ та болады, бұл біресе салқын, біресе ыстық сумен құйыну, бірақ ыстық-суық алшақтығын бірте-бірте 10-15 күн аралығында көбейтіңіз.

№ 4 Спортпен шұғылдану

Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді.

№ 5 Құнарлы ас ішу

Тамақтану арқылы да нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет.

Ал қанты көп тағамдарды және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн, өйткені ол тағамдарды қорытуға ағзадағы пайдалы заттар кетеді де, иммунитет әлсірейді. Иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар ас қорыту жолдарын пайдалы бактериялармен толықтырып, зор үлес қосады. Әрине, иммунитетіңіз сақталып, нығая түсу үшін іш қатудан сақтаныңыз.

№ 6 Пайдалы тұнбалар пайдаланыңыз

Иммунитетті нығайту үшін әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар мен шырындар бар: Тамыр дәрі (женьщень) тұнбасы, қытай лимоншасы және лимон қосылған көк шәй, итмұрын шырыны. Пайдаланардан бұрын нұсқауларын оқыңыз, ағзаңызға жақпай қалуы мүмкін, абзалы дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн.

№7 Күлкі

Иммунитетіңіз мықты болсын десеңіз, барлық уақытта күліп, көңілді жүріңіз. Күлкі – иммунитетті көтерудің ең керемет әдісі.

Сен әлемге күлімдесең, әлем саған күлімдейді. Сондықтан «иммунитетім жоқ мен әлсіреп жүрмін» деген ойды өшірп, иммунитетті өзіңіз қалыптастырыңыз. Ал табиғат Сізге қаншама иммунитет көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Пайдаланыңыз.

Денсаулығыңыз мықты болсын!

Дереккөз: www.anabol.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер