Ауланы безендіру немесе гүлдендіру жұмыстары
21.02.2018, 11:23

Ауланы безендіру немесе гүлдендіру жұмыстары

Ауланы безендіру немесе гүлдендіру жұмыстары yandex.ru

Ауланы безендіру жұмыстарына арналған кеңестер. Аулаға қарап үй иелері жайында түсінік қалыптастыруға болады. Үйдің ауласы сол үйдің айнасы іспетті.

Аула жылдың төрт мезгілінде де жинақы болуы керек. Күзде лай басып, қыста мұзға жығылып жүрмес үшін ауланы бір ретке келтіру керек. Ең алдымен ауланы қымбат кірпіштен қалап, әдемілеп қоршау керек. Онан кейінгі негізгі жұмыс-көгалдандыру. Көгалдандырудың алдында ауладағы әңгімелесетін орынды (беседка), бала ойнайтын жер онан соң адам жүретін жерді белгілеп алыңыз.Мұндай ұсақ-түйектердің өзі аулаңызды әдемі көрсетеді. Сонымен қатар су, тоқ сияқты коммуникация жолдарының дұрыс әрі жүйелі таралуына көңіл бөліңіз. Ондайда мырышталған құбырлар (труба оцинкованная) ыңғайлы, бағасы төмен әрі мықты құбырлар коммуникация жолдарының жинақылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Адам жүретін жолдың жалпақтығына келетін болсақ, ол ауладағы жердің көлеміне байланысты. Жол бұрылыстарының өте тік болмауын ескеріңіз, сондай-ақ жол аз болса, көгалдың үстін жол қылып тастауы да мүмкін. Алайда жолды да реттсіз сала берудің де қажеті жоқ, олар көзге оғаш көрінеді. Жолдың шетін арнайы бордюр кірпіштерімен жиектеңіз. Ұзын тіке жолдар ауланы кішкентай етіп көрсетеді, көзге үлкен болып көрінуі үшін жолды иректеп немесе жарты дөңгелек бұрылыстармен әдемі стильде жасауға болады.

Плюмерия өсімдігі

Плюмерия-үйіңізге ерекше сән беретін ерекше әдемі өсімдік. Далада биіктігі бес метрге дейін жететін, көбіне жылыжайларда өсірілетін аталмыш гүлді үйіңізге қойсаңыз, үйдің сәні артады. Плюмерия үй жағдайында екі метрге дейін биіктейді. Оның гүлінің түсі ақшыл сары болады. Жапырағы былғарыға ұқсайды. Гүлдері тек жас бұтақтарға ғана шығады. Сондықтан өсімдікті әбден гұлдеп болғаннан кейін ғана қырқу керек. Өсімдік жарықты жақсы көретіндіктен бөлменің шығыс бөлігіндегі терезенің жанына орналастырған дұрыс. Ал қатты ыстықтарда көлеңкелеу керек. Жаз бойы молынан суарып, күз бен көктемде сиретеді. Ол өзі улы болғандықтан зиянкестер маңайламайды. Алайда оның шырынын денеңізге тигізуден абайлағаныңыз жөн. Сондай-ақ балалардың оны ұстамауын, ауызға салмауын қатаң қадағалаңыз. Осындай қарапайым күтім жасап, қауіпсіздік шараларын қолданып жүрсеңіз, әдемі гүл 3-4 жыл бойы үйіңізді жайнатып тұрады

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер