Қыз бала тәрбиесі және денсаулығы
22.01.2018, 18:59

Қыз бала тәрбиесі және денсаулығы

Қыз бала-болашақ жар,болашақ ана. Сондықтан әрбір ана өз денсаулығын күту керек. Ананың дені сау болса, ондай анадан он екі мүшесі сау бала да дүниеге келеді.

Әйтсе де, қазіргі таңда болашақ ана атанатын жас бойжеткен қыздардың өздері теріс қылықтарға, жаман әдеттерге әуестеніп келеді. Шылым шегіп,ащы судың дәмін татқан нәзік жанды адамнан қандай сәби дүниеге келмек? Сондай жат қылықтарды бойына місе тұтқаны ма? Болашақ өмірінің қалай болатынын неге ойламайды екен?
Сондықтан қазірден бастап өсіп келе жатқан қыз балаларымызға ненің бұрыс, дұрыс екенін түсіндіріп, санасына сіңдіріп тәрбиелеу біздің, яғни ата-ананың міндеті. «Анаға қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер» дегендей,қыздарымыз бен ұлдарымызды әр түрлі өнерге баулып отырсақ, жақсы жетістіктерден көрінетініміз анық.
Баланың қандай болуы бірінші ата-анасынан, сондықтан әр ананың денсаулығының дұрыс болуы бірінші жолда тұр. Бүгінгі жас ұрпақ біздің көз алдымызда есейіп келеді. Ана деген ардақты сөзге лайықты болу үшін қыз бала өз мінезіне сай сыпайылығын, инабаттылығын сақтау керек. Өз денсаулығына аса мән беру керек. Дұрыс тамақтанып, таза ауада серуендеп, әдеби кітаптар оқығанның адам денсаулығына пайдасы зор. Ана денсаулығының жақсы болуы әрине отағасына да байланысты. Үйде дау-жанжалдың шығуынан да аналардың жүйкесі де тозады. Олар ауырып жатып қалса, қадірін сонда түсінеміз. Барлық жұмысымызды аналарымыз жасайды. Өз ортамызда анамыздың қымбат екенін түсініп, дендерінің сау болуына үлкен көмегімізді қосып отырайық. Отанымыздың дені сау ұрпақтарын көбейткіміз келсе, нәзік жандылардың денсаулығына аса мән берейік!

Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

©erketai.org

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер