Қажетті заттар:
2 жұмыртқа 3-4 ас қасық бал жарты шай қасық сода жарты стақан құмшекер 3 стақан ұн 100 гр. сары май 1 шым-шым тұзКреміне: 1 құты піскен қоюландырылған сүт (вареная сгущенка) мен 200 гр қаймақ
Алдымен қамырды дайындап аламыз. Ол үшін ыдысқа тұзды, құмшекерді, сары май, балды салып су моншасында (ұлкендеу ыдысты отқа қойып тұз, құмшекер…. салынған ыдысты буына яғни үлкен ыдыстың бетіне қойып) ерітеміз. Тоқтамай араластырып тұрып екі жұмыртқаны, соданы саламыз. Ыдыстағы сұйықтық көпіріп екі есеге ұлғаюы тиіс. Тоқтамастан араластырамыз (5 минуттай). Оттан алып тағы біраз араластырамыз. Содан соң үстіне араластырып тұрып ұнды аз-аздан саламыз (жарты стақан ұнды илегенге алып қаламыз). Содан соң қолмен қамырды жақсылап илейміз. Қамырды 6 бөлікке бөліп, әр бөлікті (жұқалығы 0.5 см етіп) жаямыз. Қызарғанша пісіріп, пештен ала салып целлофан пакетке салып қоямыз (қалғандары піскенше қатып қалмауы үшін). Барлығын пісіріп алған соң бетіне тәрелке немесе қақпақ қойып дөңгелектеп бірдей етіп кесіп аламыз.
Қоюландырылған сүт пен қаймақты араластырып крем дайындаймыз. Әр бөлікке крем жағып, соңғы бетіндегі бөлікке крем жағып болған соң кесілгеннен қалған нандарды (корж) ұсақтап бетіне себеміз. Тортымызды 5-6 сағатқа крем сіңіп, жұмсаруы үшін қалдырамыз. Торт өте жұмсақ, дәмді болып шығады.
Ас болсын!
Ұқсас тақырыптар: Тағамды дәмді дайындаудың кейбір құпиялары Баланың жөтелін басу үшін Дәмді наурыз көже дайындаймыз! Бауырды тазарты