Показать содержимое по тегу: мал бордақылау
2018 жылы облыстың ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігін арттыру мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 15 мың га ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 833 мың га жеткізіледі. Ал интенсивті баулар 800 га, жүзім 736 га, таңқурай 300 га, жаңғақ шаруашылығы қосымша 1000 га жерге отырғызылмақ. Бұдан бөлек, жылыжайлар 200 га, тамшылатып суғару әдісі 7 200 гектарға енгізілетін болады. Бұл жөнінде «Түркістан» сарайында өткен облыс әкімінің есепті кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz АА.
«Еңбексіз береке жоқ, еңбекте мереке көп». Бүгінде ОҚО, Сайрам ауданының еңбеккерлері берекеден де, мерекеден де кенде емес. Өйткені, адал еңбек етіп, жетістіктерге жетіп жатқан жағдайы бар, - деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz АА.