Балаңызға жаңа жыл тақпақтары. Жаттаймыз!
28.12.2017, 09:33

Балаңызға жаңа жыл тақпақтары. Жаттаймыз!

Жаңа жылға тақпақтар. Балаңызға жаттатыңыз. Аят Атаның разылығын алатыныңыз анық.
 Ақ қар жапты даланы 
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Оралды өлкеме 
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз ********************************************************************************************* Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып,
Ал балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Доңғаланып жүрейік.
Көрдің бе Аяз Атаны?
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да, 
Аппақ екен шапаны.Аппақ, аппақ 
Жапалақтап
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман
Қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше Жаңа Жыр.
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл. ************************************************************************************ Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сәлеміңді қайтейін 
конфет жегім келіп тұр.Аяз ата қандайсын,
Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал қойып ап, 
Бізді неге алдайсың? ************************************************************************************* Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-Ғасырдың он екінші жылы келді,Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Қайнар көзі: el.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер