«Qazaqstan» арнасы "жаңа жылдық аниматорлар қазақ мультипликациясының кейіпкерлерін сомдауға асық емес" деп дабыл қақты
24.12.2017, 10:06

«Qazaqstan» арнасы "жаңа жылдық аниматорлар қазақ мультипликациясының кейіпкерлерін сомдауға асық емес" деп дабыл қақты

«Qazaqstan» арнасы "жаңа жыл мейрамын өткізетін аниматорлар қазақ мультипликациясының кейіпкерлерін сомдауға асық емес" деп дабыл қағуда, деп хабарлайды silteme.kz.

Арна тілшісі Әсел Басшыбек осы мәселені көтеріп арнайы хабар жасады. Оның зерттеуінше, халықтың көбіне-көп таңдауы шетелдік анимацияға түседі екен. Ал, балалар құбыжық кейіпкерлерге әуес. Бұл орайда ол мейрамды кәсіпке айналдырғандардан сұхбат алып көрген.

Айталық, Серікжан Олжаев есімді аниматор: "Қазақ костюмдеріне сұраныс жоқ. Сондықтан біз алмаймыз. Балалардың мейрамдарында негізінен «человек паук» деген бар, өте сұранысқа ие. Басқа елдің батыры. Бірақ, балалар оны өте жақсы көреді. Өйткені, батырлықты көрсетеді, қорықпайды, адамдарға көмектеседі. «Капитан Аменрика» деген бар. Өте сұраныста" деп жауап берсе, Жаңагүл Шәмші есімді актриса: "Сұраныс бар, бірақ алып шығатын қазақи мультфильм жоқ. Келесі жылы қазақи мультик шығып жатса, балаларға өте қызықты болса, міндетті түрде сол кейіпкер шығады. Мультфильмнен «фиксики» бар. Балалар оларды өте жақсы көреді. «Джек Воробей» деген кинодан алынған кейіпкерлер де бар. Оны да жылы қабылдайды" деп тоқетерін айтқан.

Хабар соңында арна тілшісі: "Бүгінде балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, осы саланы кәсіп етіп жүргендер «мәселе сұраныста», дейді. Яғни, ұлттық болмысымызға сай кейіпкерлердің пайда болуына барлығымыз бірдей атсалысуымыз керек. Амал жоқ. Қайта айналып шетел мультфильм кейіпкерлеріне тапсырыс береміз. Мәселен, той ұйымдастыратын орталықта 80 түрлі костюм бар, соның 2-уі ғана қазақ ертегілерінен алынған" деп түйін жасаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер