«Өздеріңізге мәлім, өткен жылы Министрлік ақпарат және коммуникациялар салаларына қатысты заң жобасын қоғамның талқылауына шығарды. Бүгінгі күні құжат Мәжілісте мақұлданып, Сенат қарауына енгізілді. Осы заң жобасында ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласын дамытуға бағытталған кешенді өзгерістер ұсынылып отыр. Жалпы, 16 заң мен 6 кодекске 280-нен астам өзгертулер мен толықтыру енгізілмек» деді министр.
«Атап айтқанда, ақпарат құралдары үшін әкімшілік жүктемелер мен шектеулерді азайту бойынша бірқатар жеңілдіктер жасалады. Мемлекеттік органдарда БАҚ-пен байланыс жөніндегі өкілетті тұлғаны бекіту қарастырылды» деп атап өтті Д.Абаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, өскелең ұрпақты ақпараттық қауіп-қатерлерден қорғау, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту бағытында да көптеген нормалар ұсынылып отыр.