Үкімет шетелдік инвесторларға екі жылда ағылшынша судай сөйлеуге уәде берді
06.12.2017, 08:42

Үкімет шетелдік инвесторларға екі жылда ағылшынша судай сөйлеуге уәде берді

Үкімет екі жылда ағылшынша судай сөйлейтін болады, деп хабарлайды КТК.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев кеше Астанада өткен халықаралық форум барысында шетелдік инвесторларға осындай уәде берді.

2020 жылға дейін инвестор үшін біраз шаруа шешілмек. Кез-келген мемлекеттік орган шетелдік кәсіпкердің сауалына қысқа мерзімде үш тілде жауап қатуы тиіс. Қазақстандағы бизнесі үшін электронды виза алып, шекарадан да жеңіл өтеді. Сондай-ақ кедендік кодексте инвесторға жеңілдік қарастырылған. Бір сөзбен біздің экономикаға ақша құйғысы келгендерге жақсы емес, өте жақсы жағдай жасалады.

- Сіздердің әрбір өтініштеріңізге мемлекеттік органдар 10 жұмыс күні ішінде ағылшын тілінде жауап береді. Алайда сіздер қазақша не орысша сұрасаңыздар сол тілдерде де жауап бере аламыз. Ең бастысы 10 күннен кешіктірілмейді. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары, аурухана, білім мекемелері, көші-қон және салық органдарына ағылшын тілін меңгерген мамандар аламыз, - деген ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер