Мұхаммед Әлидің 7 айтқаны
29.03.2018, 11:09

Мұхаммед Әлидің 7 айтқаны

Көбелек сияқты елбеле. Ара сияқты шақ...

Мұхаммед Әли (толық аты Кассиюс Марселиюс Клэй; 1942 ж. қаңтардың 17 туған; Луисвилл, Кентукки, АҚШ - 2016 ж. 3 маусым қайтыс болған; Финикс, Аризона, АҚШ) ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы, филантроп және қоғам қайраткері. Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған бүгінге дейінгі жалғыз спортшы болып табылады. Бүкіл әлем мойындаған спорт иконына айналған, спорт тарихындағы ең танымал тұлға, ең ұлы боксшы. Жарқын қызыл тілді, оның көптеген цитаталары тарихта қалған.

АҚШ үкіметі Әлиді мансабының шарықтау кезінде әскерге шақырғанда АҚШ-тан алыс жатқан бізге тиіспеген Вьетнамға қарсы соғысқа бармаймын, армиядан бас тартамын деп мәлімдеген. Осыдан АҚШ үкіметі оны барлық атақ даңқтарынан айырып үш жылдан астам уақытқа бокстан аластайды. Спортқа қайта оралғаннан кейін тарихшылар атап кеткен «бокстың алтын дәуірінің» барлық мықты боксшыларын жеңіп, өзіне барлық атақ даңқтарын қайтарып алады. Ал әйгілі Джо Фрейзермен қарсыластығы спорт тарихындағы жарқын беттерге айналды.

Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.

Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.

Көбелек сияқты елбеле. Ара сияқты шақ.

Порхать как бабочка, жалить как пчела.

Float like a butterfly, sting like a bee.

Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.

Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым.

Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.

Сен дұрыс айтқанда, ешкім оны есте сақтамайды. Ал қателік жасасаң, ешкім ешқашан ұмытпайды.

© oilar.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер