Показать содержимое по тегу: Қызылорда
Кеше Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады. Полиция мәліметі бойынша, ол Әдөн лақапатымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы Серік Сермағамбетовтің айтуынша, бүгінде Сырдария жағалауы мен елдімекендерді су алу қаупі жоқ. Барлық жерде қорғаныс бөгеттері нығайтылып, тәулік бойына өзен арнасы бақылауда деп хабарлайды sn.kz.
Бүгін Қызылордада ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесу өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Еліміздің Конституция күні қарсаңында Сұлтан Бейбарыс көшесінде жаңа көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды baq.kz.