Показать содержимое по тегу: Ана тілі
Бәленің бәрі өзімізде. Кеше түстен кейін Шымкенттен Skat-пен ұшып келдім. Бір сағат кешігіп ұшуымыз, қол жүктерін жарты сағат күтіп қалуымыз ол енді бөлек әңгіме, істің техникалық жағы. Тура орта жолға келгенде жолаушыларға шәй береді екен. Бір орыс жігіті мен орыс келіншек қасымызға келді де «Вода или…» деп бетімізге қарады. Алдында бізге қарай жүріп келе жатқанда, «осылар қай тілде сөйлейді екен, шәй сұрағанда орысша айтайын ба, әлде қазақша сөйлейін бе?» деп өзімше болып отырғанмын. Доғанның стилі маған келмейді. Қазақша сөйлей алмаса «неге қазақшы сөйлемейсің?» деп бәле шығару маған жараса қоймас әрі «алдымен қазағыңды жөндеп ал» десе не деймін?» деп отырғанда олар тіл қатып та үлгерді. Селк ете қалып, енді сөйлейін деп ұмтыла бергенімде екі жағымды отырған бір қыз бала мен жас жігіт (екеу де қазақ қой, екеуінің де қазақша білетінін байқағанмын) менен бұрын тіл қатып үлгерді. Қыз бала «вада» десе, жігіт «томат» деді ме, әйтеуір әдемілеп орысша тапсырыс жасап жатты.
«Хорошо, вот вам» деп екеуіне сұрағандарын күле ұсынып тұр. «А вам?» деп жымиып маған қарады стюард жігіт. «Қара шәй» дедім жалма-жан, «Извините, не понял?» деп қалса, былай айтам деп ойымды жұптап қойғам. «Қара шай?… қазір…» деп лып ете қалды жігітім. Ішім жылып сала берді.
Бәрі өзімізден дейтінім, біз қай тілде сөйлейміз, қазір (Доғаннан кейін бе, әлде онсыз да өмірге бейімделіп қалған ба?) солай жауап беретін секілді. Әрине, олар орысша сұрайды, біз жалп ете қаламыз. Шығып бара жатып, бізді шығарып салып тұрған көк көзді, жылы жүзді стюардессаға «Спасибо вам, до свидания!» деппін ғой ескі әдетпен. Аман-есен жеткізгеніне де ризашылығым бар. Әлгі келіншек «Рақмет, аға, қош-сау болыңыз!» деп жымиғанда жаным жадырап шыға келді.
Өзге ұлт қазақша үйреніп-ақ жүр, хал-қадерінше, әрине. Біз оларға қазақша жауап беріп, қазақша сұрақ қойып, көмектеспейміз бе енді. Жо-о-о-оқ! Біз орысша білеміз! Білгенде қалай! Олардан асып сөйлейміз. Осы құлдық психологиядан қашан құтыламыз?!
Жер жүзінде тіл саласын зерттеуші ғалымдардың деректері бойынша 2796 тіл бар екен. Осыдан-ақ, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білуге болады. Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу аясы уақыт өткен сайын кеңейіп, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік сұранысқа ие болып отырғаны анық.
Жердегі қашықтық мильмен немесе шақырыммен өлшенеді, бірақ галактика үшін бұл бірліктер тым аз. Ғалымдар әлемдегі қашықтықтарды жарық жылдарымен және парсектермен өлшейді.
Дельфин жайындағы жұмбақтар ғалымдардың назарын ертеден аударуда. Зерттеулерге қарағанда, дельфиннің миы бізге белгілі жануарлар дүниесіндегі аңдардың миының бәрінен жақсы жетілген.