Дубайда араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана салынады
22.11.2016, 15:46

Дубайда араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана салынады

Біріккен араб әмірлігінің Дубай қаласында таяу уақытта араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана ашылады, деп хабарлайды e-islam.kz.

Алдын ала жоспар бойынша, алып кітапхана кешеніне жыл сайын 42 миллионға жуық адам келеді.

Еске сала кетсек, кітапхана салу туралы заңға 2016 жылдың басында БАӘ вице-президенті, премьер-министрі әрі Дубай қаласының әміршісі, шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұм қол қойған болатын.

Жобаны жүзеге асыру шамамен 272 миллион долларды құрайды. Кешенде жарты миллионға жуық кітап томдары мен екі миллионға жуық электронды кітап қоры болады.

Кітапхана 8 тақырыптық бөлімдерден тұрады, жыл сайын мұнда жүздеген мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілмек. «Бұл кітапхана араб әлемінің білім ошағы, өркениет орталығына айналуы тиіс» деп атап өтті Дубай әмірі әл-Мақтұм. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер