БҒМ төрт пәннің мұғалімдерін 2,5 айдың ішінде ағылшын тілінде сөйлетіп шықпақшы
20.10.2016, 10:22

БҒМ төрт пәннің мұғалімдерін 2,5 айдың ішінде ағылшын тілінде сөйлетіп шықпақшы

Пилоттық жоба Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында қолға алынды, деп хабарлайды bilim-all.kz.

Әрбір қалада 25 мұғалім, жалпы 75 мектеп оқытушысы химия, физика, биология мен информатика пәндерін ағылшын тілінде түсіндіруге үйренеді. Олар үшін арнайы бағдарлама жасалды. Білім және ғылым министрлігінің осы тапсырысын Professional development centre алып отыр.

Аталған орталықтың департамент директоры Аида Уразаева тапсырыстың нақты сомасын ашқан жоқ. Алайда оқуға түскен 75 мұғалімді 2,5 айдың ішінде ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, тіпті жазуға үйретіп шығамыз деп отыр.

«Осы уақыттың ішінде үш қалада білім алатын мұғалімдер күніне төрт жарым сағат ағылшын тілін үйренетін болады. Барлық сабақтар тек сол тілде ғана өтеді. Пилоттық жоба үшін біз арнайы бағдарламаны даярлап шықтық. Мұғалімдер сол бағдарлама бойынша тіл үйренетін болады. Шыны керек, бастапқыда олардың тарапынан бір қорқыныш болды. Алайда қазіргі кезде олардың бойында кәдімгідей құлшыныс, тілді үйренемін деген мақсат анық байқалады», - дейді А.Уразаева.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, мұғалімдердің тізімін министрлік білім беру басқармаларының ұсынысы негізінде әзірледі. Олардың барлығы - химия, физика, биология мен информатика оқытушылары. Әзірше, ағылшын тілін білмейді. Желтоқсан айына дейін олар Starter, яғни бастапқы кезеңнен бастап, А1-А2-В1 сияқты сатылардан өтуі тиіс. Ал курстың соңында олардың дайындықтарын тәуелсіз мамандар бағалайды. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер